PUMS сарапшыларының ағынды цитометрияны онлайн оқытуы
Познань медициналық ғылымдары университетімен стратегиялық серіктестік аясында 1-10 қыркүйек аралығында 1С.1) «Қызметкерлерді даярлау арқылы ғылыми-зерттеу зертханасын құруға көмек беру және кейіннен техникалық тапсырманы енгізумен методологиялық қолдау көрсету»
тапсырмасына сәйкес «Практикадағы ағынды цитометрия – 1 бөлім» тақырыбында онлайн оқыту өтті.
Коронавирустың жаһандық пандемиясына байланысты оқыту Microsoft Teams платформасында онлайн режимінде өтті.
Сабақтың жетекшісі: Magdalena Frydrychowicz, PhD.
PUMS иммунологиялық зертхана базасында ағынды цитометрия әдісімен талдау жасау үшін биологиялық материалды қалай дұрыс дайындау демонстрациясы көрсетілді. Сонымен қатар, PUMS қызметкерлері «Ағынды цитометрия» атты оқыту фильмін шығарды.
Сонымен қатар, PUMS мамандарының жетекшілігімен онлайн режимінде М.Оспанов атындағы БҚМУ базасының жасушалар зертханасында К.В.Бактикулова алған білімдерін іс жүзінде көрсетті.