«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына конкурс жарияланады

Конкурсқа құжаттар ұсыну кезінде кем дегенде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар университеттің профессор-оқытушылар құрамы (штат оқытушылары) конкурсқа қатыса алады.

Конкурстың мақсаты университеттің профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) кәсіби – педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының деңгейін арттыру, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау арқылы ПОҚ ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру, одан әрі оқытушылардың кәсіби дамуына ынталандыруды арттыру болып табылады.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мынадай құжаттарды ұсынған оқытушылар конкурсқа қатыса алады:

  • Сапалы және сандық көрсеткіштерге сәйкес растайтын құжаттармен мәліметтер (1-қосымша).
  • «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға нысан бойынша өтінім (2-қосымша).
  • Жылдық жоспар – жұмыс кестесі (3-қосымша).
  • Жетекші ғалымдарынан, кафедра жетекшілерінен ұсыныс.
  • Жұмыс орны бойынша куәландырылған кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ.
  • Жеке куәліктің көшірмесі.
  • Жоғары оқу орынішілік конкурс 2 кезеңде жүргізіледі:

1-кезең – «Кафедраның үздік оқытушысы» атағына әр факультеттен ағымдағы жылғы 10 қазанға дейін үміткерлерді ұсыну.

2-кезең – 1-кезеңде әр факультеттен іріктелген үміткерлердің қатарынан «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ағымдағы жылғы 20 қазанға дейін үміткерлерді ұсыну.

1.8. Құжаттар қатты түптелген рет-ретімен нөмірленген, жеке электрондық поштасы көрсетілген қағаз түрінде Персоналды басқару бөліміне (103-кабинет) ұсынылады. Байланыс телефоны: жұмыс 8(7172)55-20-58, ұялы 8-778-1237563. Электронды пошта: hr@zkmu.edu.kz.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы ереже, сондай-ақ конкурсқа қатысу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарда көрсетілген барлық Қосымшалар университеттің https://www.zkgmu.kz/ ресми сайтында орналасқан, сондай-ақ WhatsApp мессенджері арқылы кафедраның барлық жетекшілеріне жіберілді.

  1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы туралы ереже
  2. Қосымша 1
  3. Қосымша 2
  4. Қосымша 3
  5. Қосымша 4