ПМҒУ-нен БҚМУ-нің постдокторларына арналған онлайн-курс

1C.3) «Серіктес университет базасында постдокторантура ұйымдастыруға жәрдемдесу» міндетін іске асыру шеңберінде № SHlP-2.3/CS-02 «Медицинада білім беру жүйесін жетілдіру бойынша консультациялық қызметтер» келісімшарты.

Білім беру бағдарламаларын жетілдіру саласындағы стратегиялық серіктестік, соның ішінде «Онкология: онкологиялық зертханалық диагностика» және «Клиникалық фармакология» пәндері 09.09.2020-02.10.2020жж. аралығында Познань медицина ғылымдары университеті сарапшыларының жетекшілігімен БҚМУ-нің PhD арналған онлайн-курстан өтті. Стратегиялық серіктес-ЖОО сарапшылары біздің университетіміздің 7 PhD үшін «БҚМУ постдоктарын ғылыми көшбасшылар рөліне дайындау» дәрістер мен семинарлар курсын өткізді. Қатысушылар «Зерттеуші және деректер: сұрақтан жауапқа дейін», «Медициналық зерттеулердегі зертханалық диагностика қағидаттары», «Биоэтикалық комитет және тиісті зерттеу практикасы», «Ғылыми жұмыстағы молекулалық зерттеулер», «Зерттеу жобаларын дайындау, іске асыру және есептілік әдіснамасы», «Жариялау процесі-идеядан шолудан кейінгі процеске дейін» онлайн – модульдерін өтті.

ПМҒУ сарапшылары ұсынған дәрістер теориялық негіздерді талқылауды және нақты мысалдарды зерттеуді біріктірді. Алынған білім мен практикалық дағдыларды онлайн-курс қатысушылары пайдалы деп бағалайды, кейіннен оларды постдоктардың болашақ ғылыми қызметінде іске асыру жоспарлануда.