Жаңалық!!!
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының «COVID-19» пандемиясын жариялауына байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы «COVID-19» қарсы көмек ретінде 9 млрд.теңге бөлді.
Қазіргі таңдағы қиын жағдайды ескере отырып, экономикалық жағдайды калыпқа келтіру мақсатында, әсіресе денсаулық сақтау саласын қолдау ретінде медициналық оқу орындарына 75 квота бөлінді. Соның ішінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақсатан медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттерді қолдау мақсатында 15 квота бөлінді. Байқауға университеттегі әлеуметтік жағдайы төмен студенттер ұсынылды. Қауымдастықтың ұйымдастырған байқауына талаптарға сай 31 студент қатысты, ішінен 15 студентке квота берілді. Квота ағымдағы жылда бір рет бөлінетін демеушілік шара. Демеуші компания қойған шарттарды орындаған жағдайда оқудың барлық кезеңіне ақы төлеу қарастырған. Бөлінген квота демеушісі Karachaganak Petroleum Operating компаниясы.