Шебер-класс “Ми инсульттерін диагностикалаудағы қиындықтар”

2020 жылдың 9-шы қарашада М. Оспанов атындағы БҚМУ-нің неврология кафедрасының қызметкерлері.

“Ми инсульттерін диагностикалаудағы қиындықтар” тақырыбында шебер-класс өткізді. Ми қан айналымының жіті бұзылулары өз өзектілігін жоғалтпайтыны және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім мен мүгедектік көрсеткіштері арасында жетекші орынға ие болатыны белгілі.

Шебер-класс ұйымдастырушылары: кафедра доценті А.А. Хамидулла және кафедра ассистенті Ж. У. Урашева. Мастер – класс қатысушылары – МЖЖА-ның инсульт орталығы мен неврологиялық бөлімшесінің невролог дәрігерлері. Шебер-классты өткізудің мақсаты невролог-дәрігерлердің теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру болып табылады. Неврология кафедрасының қызметкерлері соңғы 5 жыл ішіндегі әдебиеттерге, соның ішінде ғылыми жарияланымдарға шолу жасады, онда ми инсульттерін диагностикалаудағы қиындықтар, клиникалық деректерді жеткіліксіз түсіндірудің мүмкін себептері және қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері егжей-тегжейлі көрсетілген. Аурудың тән клиникалық көріністерін талдай отырып, әртүрлі ауырлықтағы COVID-19 асқынуларының бірі ретінде ишемиялық инсульт туралы әдеби мәліметтерге шолу жасалды.

Мысал ретінде Ақтөбе қ. МЖЖА-ның инсульт орталығы мен неврологиялық бөлімшесінің ауру тарихтарын талдаумен жеке тәжірибедан алынған клиникалық жағдайлары ұсынылды.

Шебер-класс тақырыбы қызығушылық тудырды, әріптестер өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойды. Талқылауға неврология кафедрасының профессоры Г. Б. Кабдрахманова, неврология кафедрасының басшысы А. П. Утепкалиева, инсульт орталығының меңгерушісі А. Х. Шарафудинов, неврологиялық бөлімнің меңгерушісі Л. А. Кумейко қатысты.