Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020
Конкурс туралы
Конкурсқа құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі және педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар ЖЖОКБҰ-ның профессорлық-оқытушылық құрамы (штаттық оқытушылар) қатыса алады.
Байқаудың мақсаты ЖЖОКБҰ профессорлық-оқытушылық құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, кәсіби салада өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына мотивациясын арттыру арқылы ОПҚ ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру болып табылады.
Өткізу кезеңдері
Конкурс екі кезеңде өткізіледі – ЖОО ішіндегі және республикалық.
Конкурстың I кезеңі 2020 жылдың 12 қарашасынан басталып, 2020 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest.iac.kz) келесі құжаттарды тапсырады:
- осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
- осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
- осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
- кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Конкурсқа ұсынылған құжаттар ЖЖОКБҰ-ның қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан Сараптама тобы жүзеге асыратын сараптамадан өтеді.
ЖЖОКБҰ комиссиясы сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарады және үміткерлердің конкурстық құжаттамасын «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының 2-ші республикалық кезеңіне қатысуға жібереді.
Байқаудың II кезеңі 2020 жылдың 4 желтоқсанынан басталып, 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін жалғасады.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» атағын беру байқауының онлайн жүйесі
(https://universitycontest.iac.kz/)