Мастер-класс «Қашықтықтықтан интерактивті оқыту. Zoom платформасында шағын топтармен жұмыс жасауды қалай ұйымдастыруға болады?»
Ағымдағы жылдың 26 қарашасында үздіксіз кәсіби даму орталығы М.Оспанов атындағы БҚМУ оқытушыларына «Қашықтықтықтан интерактивті оқыту.
Zoom платформасында шағын топтармен жұмыс жасауды қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Мастер-класс барысында ҮКДО оқытушысы Сисенова Айнұр Тағабергенқызы барлық қатысушыларға интерактивті форматта оқу сабақтарын өткізу үшін Zoom платформасының «Сессиялық залдар» нұсқасының мүмкіндіктерін көрсетті.
МК тыңдаушылары мынадай өзекті сұрақтарға жауап алды:
- Білім беру сабақтарын Zoom арқылы өткізіп, қалай бірде-бір студентті «жоғалтпауға» болады?
- Шағын топтарда тиімді жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?
- Студенттерді қалай топтаған дұрыс?
Барлығы МК-ға БҚМУ-дың 34 профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Іс-шараның соңында қатысушылар «Сессиялық залдар» қызметін қалай қосуға болатынын, оларды параметрлерге сәйкес өзгертуді және шағын топтарды құруды, сондай-ақ сабақ барысында фасилитациялық сессия өткізуді үйренді.
Кері байланыс кезінде қатысушылар іс-шараның өзектілігі мен маңызды кезеңде ұйымдастырылғанын атап өтті және ҮКДО командасына пайдалы және нәтижелі мастер класс үшін алғыс білдірді.