Крикеттен халықаралық лига аяқталды

Халықаралық медицина факультеті студенттері арасында өткен крикеттен Халықаралық студенттер лигасы-2024 өз мәресіне жетті. Бұл — Ақтөбе премьер-лигасының алтыншы маусымы.

Бүгінгі таңда крикет ойыны — Үндістан мен Пәкістанда кең танымал ойын. Крикет матчы екі команда арасындағы жарысты қамтиды. Олардың әрқайсысы 11 спортшыдан, оның ішінде команда капитандарынан тұрады. Мақсат — университет студенттері арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, осы спорт түріне қызығушылықтарын арттыру.

Бір айға созылған дәстүрлі жарысқа биыл 14 команда, яғни Үндістан және Пәкістан студенттері қатысты. 42 матч ойнатылып, оның ішінде «Rising stars» және «Dragon Attackers» командалары ақтық сынға шықты.

Турнир қорытындысында «Dragon Attackers» командасы І орынды иеленіп, кубокты қанжығасына байласа, «Rising stars» командасы ІІ орынды иеленді.

Жеңімпаз командалар мен ойыншыларды халықаралық факультетінің деканы Диана Пірімқұлова құттықтап, университет ректоры Әсет Қалиевтің атынан Алғыс хаттармен марапаттап және ақшалай сыйлықтар табыстады.