
Фармакология кафедрасы 1959 жылы құрылған. Кафедраның алғашқы ұйымдастырушысы және жетекшісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Василий Михайлович СЕННИКОВ болды. Содан кейін медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дағыстан Республикасы ғылымының еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді.Оның жетекшілігімен кафедрада хроммен улануды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Кафедраның алғашқы ассистенттері – М.К. Наумова және В.Е. Куракина В.М. Сенниковтың жетекшілігімен кандидаттық диссертацияларын қорғады. 1965 жылы кафедра жетекшісі қызметіне м.ғ.к., доцент Бабкен Ашотович ВАРТАЗАРЯН тағайындалды. Оның жетекшілігімен бауырдан тыс өт жолдары мен ұйқы безінің патологияларында өт түзу мен өт шығарудың мәселелерін ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1967-1968 жылдар аралығында Б.А.Вартазарянның кетуіне байланысты кафедра жетекшісінің қызметін биология ғылымдарының кандидаты, доцент Вера Евстафьевна КУРАКИНА атқарды. Ол оқу-әдістемелік ұсыныстарды дайындап, оқу процессін ұйымдастыруға көп көңіл бөлді. В.Е. Куракина «Отличник высшей школы СССР» белгісімен марапатталды.

1968 жылдан бастап медицина ғылымдарының докторы, профессор Турегельды Шарманович ШАРМАНОВ институт ректоры және де фармакология кафедрасының жетекшісі қызметтерін бір мезгілде атқарды (қазір – Қазақ тағам академиясының Құрметті Президенті, ҚР ҰҒАР, ҰҒА, және АПМ академигі, ҚР Мемлекеттік Сыйлығының, «Тарлан» сыйлығының және халықаралық «За выдающийся вклад в здравоохранение» Леон Бернар сыйлығының лауреаты). Т.Ш. Шарманов институттың 8 кафедрасының қызметкерлерін біріктіріп, фармакология кафедрасының базасында сау және науқас адамның тамақтануы туралы кафедрааралық ғылыми лаборатория ұйымдастырды. Бұл зерттеулер белоктың сапасы мен санына қарай организмнің дәрумендерге қажеттілігінің, рационда оның майлар мен көмірсулар арақатынасына тәуелділігін анықтайтын заңдылықтарды анықтауға және де негіздеуге, сондай-ақ белгілі жағдайда балансты тағамдануды қолдану концепциясын дамытуға және де тереңдетуге мүмкіндік берді.

Раиса Салмаганбетовна КӨЗДЕНБАЕВА – Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының түлегі, 1971-2001 жылдар аралығында кафедраға жетекшілік етті. 1968 жылы кандидаттық, 1981 – докторлық диссертациясын қорғады. 1983 жылы профессор атағы берілді, 1994 жылы корреспондент мүшесі болып тағайындалды, 2003 жылы – ҚР ҰҒА академигі, 1995 жылы – ҚР МҒА корреспондент-мүшесі және профилактикалық медицина Академиясының академигі атанды. ҚР ҰҒА академигі Р.С. Көзденбаева тамақтану сипатындағы өзгерісінен туындаған, ағзадағы зат алмасу процессінің бұзылысына байланысты дәрілік заттардың фармакологиялық әсерінің ерекшеліктерін зерттейтін Қазақстанның ғалым-фармакологтарының мектебінің негізін салушы болып табылады.Қазақстанда алғаш рет 1981 жылы Р.С. Көзденбаева кафедрада жаңа пән – клиникалық фармакологияны оқытуды ұйымдастырды.
1994 жылдан бастап Р.С.Көзденбаеваның басшылығымен кафедрада жергілікті өсімдіктердің шикі затынан дайындалған препараттардың фармакологиялық қасиетін ғылыми зерттеудің жаңа бағыты іске асырылды.
1997 жылы кафедрада ҚР –да тіркелген «Қалақай майы», «Мия майы», «Ошаған тамырының майы», «Шукур май» полифиттік май сияқты дәрілік препараттар және рауғаш тамырының, дәрілік бақбақ, аңдыз, шатыраш жапырақтарыың майлы сығындылары және т.б. биологиялық белсенді қоспалардан фитосығындылар түпнұсқа технологиясымен дайындалды.
Р.С. Көзденбаева – 500 ден астам ғылыми жұмыстың және бірнеше монографияның авторы. Р.С. Көзденбаева жемісті еңбегі және педагогикалық қызметі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «СССР денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, «ҚР тәуелсіздігіне 10жыл» медальмен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Ол 2001 жылы ғылым, техника және білім беру саласында ғылымға қосқан үлесі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Р.С. Көзденбаеваға 2002 жылы «Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді, 2005 жылы «Құрмет», 2007 жылы РФ Михаил Ломоносов орденімен марапатталды. 2005-2015жылдары РМҚ ҚР ұлттық медицина өнімдері мен медицина техникасының және дәрілік заттарды сараптау фармакологиялық орталығын басқарды, қазіргі уақытта Ұлттық орталықта құрылған дәрілердің жанама әсерін бақылау бөлімінің басшысы. 2000 жылдан бастап кафедрада фитофармакологияның ғылыми зерттеулерімен қатар клиникалық тәжірибеде қолданылатын дәрілік заттарға фармакоэпидемиялогиялық және фармакоэкономикалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мәселе бойынша кафедрада ізденушілер 1 докторлық және 7 кандидаттық диссертация қорғады. 2001 жылы кафедра биохимия кафедрасымен біріктірілді және 2003 жылға дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағидолла Елемесович ИМАМБАЕВ жетекшілік етті.
2003-2010 жылдары аралығында АқММИ түлегі – Надия Маликовна МАВЛЮДОВА кафедраға жетекшілік етті. 1978 жылдан бері кафедрада жұмыс атқарады, 1989 жылы кандидаттық және 1998 жылы докторлық диссертациясын қорғаған. 1997 жылы – доцент, 2006 жылы – профессор атанды. Қазіргі уақытта кафедраның профессоры, 250-ден астам ғылыми басылымдардың, 1 монографияның, 4 әдістемелік-құралдың, 10 шығармашылық жұмыстың авторы. Н.М. Мавлюдова 2006 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, 2007 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі» белгісімен марапатталды.
2010 жылдан 2013 жылға дейін АқММИ түлегі – САХАНОВА Светлана Калиуллаевна кафедраға жетекшілік етті. 1996 жылы кандидаттық және 2010 жылы докторлық диссертациясын қорғаған. Қазіргі уақытта М.Оспанов атындағы БҚММУ-ң Ғылыми-тәжірибелік орталықтың жетекшісі қызметін атқаруда.
2013-2016 жылдары Университетіміздің түлегі – ИСКАКОВА Сауле Сагынгалиевна кафедраға жетекшілік етті, қазіргі уақытта кафедрада сонымен қатар стратегиялық және халықаралық жұмыстары жөніндегі Департаментке басшылық етеді. 2008 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2010 жылы ҚР Президенті тағайындаған «Болашақ» халықаралық степендия аймағында Познань медицина университетінде (Польша) фармакология бойынша ғылыми сынақтан өтті. 2016 жылы қауымдастырылған профессор атағына ие болды. 2008-2015 жылдары М.Оспанов атындағы БҚММУ-ң Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметін атқарды. С.С.Искакова – 50-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, оның жетекшілік етуімен 1 кандидаттық, 2 докторлық PhD және 1 магистрлік диссертация қорғалған. 2012 жылы С.С.Искакова «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

Қазіргі уақытта фармакология кафедрасының жетекшісі – Марат Оспанов атындағы БҚММУ-ң түлегі НУРГАЛИЕВА Жансулу Жумабеккызы. 2003 жылы оқытушы-стажер, 2006 жылы оқытушы, ал 2012 жылы – доценттің міндетін атқарушы қызметінде болды. 2010 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2016-2017 жылдары Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметін атқарды. 30-дан астам ғылыми жұмыстың авторы, жетекшілік етуімен 1 магистрлік диссертация қорғалған.
Қазіргі уақытта кафедрада табысты енбек етуде:
Галина Николаевна Чуканова – 1984 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен бастап кафедрада еңбек етуде. 1996 жылы кандидиттық диссертациясын қорғаған. 1998 жылы – аға оқытушы, 2006 жылы – доценттің міндетін атқарушы, 2008 жылы доцент ғылыми атағына ие болды. 2000-2008 жылдары М.Оспанов атындағы БҚММУ-ң Ғылыми орталыққа (бұрынғы ҒЗЛО) басшылық етті. 2009-2010 жылы ғылыми-клиникалық жұмыстары жөніндегі проректордың жанынан құрылған ғылыми – клиникалық бөлімнің бірінші жетекшісі қызметін атқарды. 2006-2011жылы «Батыс Қазақстан медицина журналы» жауапты хатшысы болды. 130-дан астам ғылыми басылымдардың, 8 авторлық куәліктің, 5 әдістемелік құралдар мен ұсыныстардың авторы. Жетекшілік етуімен 1 кандидаттық, 1 магистерлік және 1 PhD докторлық диссертациялары қорғалған.
Людмила Кафисовна Кажанова – Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының түлегі, 1971 жылдан бері кафедрада оқытушы қызметін атқаруда. 1979 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1994-1999 жылдары АқММИ қызметкерлердің кәсіподақ комитетінің төрағасы болды, 40-тан астам ғылыми басылымдардың авторы. «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
Элеонора Бақтыбаевна Нурбаулина – 1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген. 2007жылдан бері кафедрада оқытушы, 2015 жылы аға оқытушы қызметін атқаруда. 2010 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 10 – нан астам ғылыми басылымдардың авторы.
Әйгерім Алдиярқызы Балапашева – Марат Оспанов атындағы БҚММУ түлегі (2015 ж). Кафедрада стажер оқытушы қызметін атқарады.
Көптеген жылдар бойы кафердрада О.Г.Унгер мен Л.И.Коновалова лаборант қызметін атқарған, ал қазіргі уақытта аға лаборант А.Сарбулатова мен лаборант Д.Бельгина оқытушылармен бірге еңбек етуде.
Кафедрада әр жылдары қызмет атқарған қызметкерлер: Е.И. Изотова-Ярославская, В.И. Нестеров, А.Г. Палагутин, м.ғ.к., доцент Е.Г. Ромова, м.ғ.д., профессор Т.К. Каримов, м.ғ.д, профессор Г.М. Пичхадзе, м.ғ.к. А.У. Сагимбаев, б.ғ.к., доцент В.Е. Куракина, к.м.н., доцент К.У. Алдабергенова, к.б.н. Т.Г. Яровая, С.А. Рыстина, М.Г. Байбатшаева, А.А. Рамазанова, С.Б. Дусипов, Т.Т. Утарова, м.ғ.к. А.С. Жолмурзаева, м.ғ.к. А.Ш. Сартаева және т.б.
2012/2013жылдары кафедрада Магистратура» (6М110100), «Докторантура» (6D110100) ғылыми-педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды дайындау басталды. 2013-2016 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің бойынша «Балалар денсаулығын және репродуктивті денсаулықты қорғауда жаңа технологиялар дайындау» (№ ГР 0114РК00485) мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында К.Марчинковский атындағы Познань медицина ғылымдары университетінің (Польша) фармакология және иммунология кафедраларымен бірігіп ғылыми зерттеулерді орындалды. Кафедрада магистранттар мен доктаранттар қант диабетінің 2 түрі фармакотерапиясының тиімді әдістерінің мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер әзірленуде. Ғылыми жұмыс шетелдік әріптестермен: Marzena Dworacka (MD, PhD, рrof. Department of Pharmacology Poznan University of Medical Sciences, Poland) және Grzegorz Dworacki (MD, PhD, рrof. Department of Clinical Immunology Poznan University of Medical Sciences, Poland) тығыз байланыста жүргізілді.
Кафедраның негізі қаланғаннан бастап-ақ студенттердің ғылыми үйірмесі қызмет етуде. Әр жылдары белсенді үйірмешілер: Б Минаев (қазір медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ставропольск медицина институтының ректоры), Н. Нистратов, Н. Мавлюдова, Г. Байдосова, Н. Овчаренко, Д. Осокин, Д. Демчук, Ж. Оралбекова, Д. Жолдыбаева, К.Оразбаева және т.б. болды.

Қазіргі уақытта кафедрада «Фитофармаколог» СҒҮ жұмыс жасауда, белсенді үйірмеші-студенттері студенттік, республикалық және халықаралық конференцияның, симпозиумның, конгресстердің қатысушылары және ғылыми жүлдегерлері атанып жүр. Кафедрада 40-тан астам ғылым кандидаттары және докторлары, 3 доктор PhD, 3 магистр дайындалды, 1500-нан астам ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар жарияланған.