Кітапхана туралы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Кітапхана туралы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ғылыми-медициналық кітапханасы

Ақтөбе Мемлекеттік Медицина институтының кітапханасының ұйымдастырылуы институттың барлық бөлімдерінің қалыптасуымен қатар, 1957 жылы басталды. Ең алғашқы қызметкерлері – Нина Николаевна Девятова мен Зоя Амиржанқызы Кинжегулова болатын.
Алғашқы оқу жылының басына қарай кітапхана қоры Кеңес Одағының жетекші медицина оқу орындарының: 1 және 2 Мәскеу, Харьков, Пермь, 1-Ленинград медицина институттарының, Мәскеу қаласының Әскери-теңіз Академиясы мен В.И. Ленин Кесенесінің жанындағы ғылыми-зерттеу зертханасының кітапхана қорларынан түскен оқу құралдарымен, монографиялармен және т.б. кітаптармен толықтырылып, барлығы он мың ғана оқулықтан құралды.1961-1972 жылдар аралығында кітапханаға Епишкина Лидия Ивановна жетекшілік етті. Ол осы уақыт ішінде кітапхана қорын 280 мың дана кітапқа жеткізіп, ұйымдастыру мен толықтыру бойынша зор жұмыстар жасады. Картотекалар, пәндік және жүйелік каталогтар жасалып, әріптік каталог қайтадан құрылды. Кітап қоры институттың оқу және ғылыми бағдарламаларын ескере отырып жасақталды, КАА (кітапхана аралық абонемент) пайдалану бойынша жұмыстар нақты жолға қойылды. Кітапханада талқылауларға ұласып отырған оқырмандар конференциялары, әдеби кештер өткізілді.Осы жылдар ішінде кітапхана ұжымы білікті мамандармен толықтырылып, қызмет етуге жаңа білікті кадрлар В.И. Трифонова, А.И. Борадулина, Р.П. Яцук, Б.П. Ишеева, С.С. Танирбергенова, Г.И. Гончарова, Е.И. Потякин, З.Ф. Гагокина, А.И. Мерзликина, Л.А. Кабышева, А.П. Брокоп, З.Г. Хабибуллина, М.М. Ионас, Л.Н. Лазарева, К.Ш. Сатарова және т.б. келді.1972-1994 жылдар аралығында кітапхананы Д.Г. Зайнуллина басқарды. Аталмыш кезеңде студенттерге топтық қызмет көрсету, оқытушы-профессорлық құрамға дифференциалды қызмет көрсету әдістері енгізілді, оқу залдары мен әдебиеттер берудің қосымша пункттері ашылды; кітапханаға жаңа мамандар Е.И. Павленко, Н.И. Изимова, К.С. Туткушева, С.С. Темирбаева, К.Д. Хайрикенова, Г.А. Төрежанова, Ш.Е. Таильбекова, Ш.Б. Тажимбетова және т.б келді.Әр түрлі уақыттарда, 1994 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта кітапханаға З. Бекмуханбетова мен Ш. Бисембина басшылық етті; бұрынғыдай кітапхананың анықтамалық библиографиялық аппараты мен кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету істері өзінің қалыптастырылуын жалғастыра берді.2005 жылдан кітапханаға Г.А. Төрежанова басшылық етуде. Кітапхананың ұжымы жаңа кітапханалық істің жас мамандарымен – И.И. Кряжова, У.Ж. Бишенова, О.А. Кирильчук, Г.Т. Жайляуова, К.К. Аманжурова, Р.Х. Еналеева, Л.А. Сырбова, М.С. Темирова, П.К. Даутова, З. Оразалиева және т.б. толықтырылды.Осы уақыттан бастап кітапханада жаңа кезең – электронды технологияларды меңгеру және интеграцияланған кеңейтілген кітапханалық – ақпараттық «ИРБИС» жүйесі бойынша кітапханалық үрдісті автоматтандыру басталды.2012 жылға қарай кітапхана қоры 560 мың дана бірліктегі электронды, мультимедиялық оқулықтар мен білім беру бағдарламалары мен оқулықтарды қоса алғандағы ғылыми және оқу әдебиеттерін сақтауды жүзеге асыруда.Кітапхананың заманауи материалдық-техникалық базасы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін мамандандырылған оқу залдарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқытушылар мен студенттер үшін – 5 абонемент, 4 оқу залы, ғылыми-оқу ресурстарымен жұмыс жасауға арналған зал (электронды кітапхана), ғаламтор залы қызмет етуде. Оқытушылар мен студенттердің өз бетінше жұмыс жасауы үшін университет кітапханасы «Дәрігер кеңесшісі», «Студенттер кеңесшісі», EBSCO «Кохран кітапханасы», «Параграф», «Медицина параграфы» және т.б. қашықтағы мәліметтер базасы мен электронды кітапханалармен жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынуда. Қазіргі таңда кітапхананы пайдаланушылар үшін 30 толық мәтінді дерекқор бар. Құжатты электронды түрде жеткізу қызметі енгізілген.Анықтамалық-библиографиялық аппарат пәндік, жүйелік, әріптік және электронды каталогтар түрінде ұсынылған. Құжаттарды ғылыми өңдеу КАА және «Медициналық айдарлар», «Медициналық пәндік айдарлар» Тезаурестың орысша нұсқасының» толық 4-басылымы бойынша жүргізіледі. ИРБИС автоматтандырылған кітапханалық – ақпараттық жүйесі негізінде жасалған электронды каталог «Кітаптар», «Оқу үдерісін кітаптармен қамтамасыз ету», «Мақалалар», «Мемлекеттік тілдегі құжаттар», «Шетел тіліндегі құжаттар», «Электронды оқулықтар», «Қызметкерлердің ғылыми еңбектері» библиографиялық мәліметтер базасын қамтиды. Пайдаланушыларға қызмет көрсетудің барлық орындарында электронды каталогқа қол жеткізу мүмкіндігі бар.Кітапхананың қызметі медициналық білім, ғылым және денсаулық сақтауды дамытудың жаңа бағыттарын ақпаратты қолдауды өрістетуге бағытталған.Өзінің қызметтерін атқара және оларды жұмыстың жаңаша формаларымен толықтыра отырып кітапхана өзінің үздік дәстүрлерін сақтап, жаңа сапалық өрлеуге ұмтылуда.2017 жылы Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл ғимаратында студенттер мен ПОҚ арналған кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа форматымен оқу залы мен жаңа үлгідегі кітапхана ашылды, өзіне-өзі қызмет көрсету станциялары жұмыс істейді, қорға және т.б. қолжетімділік ашылды. Оқытушының WEB кабинеті қызметі енгізілді.Оқу залында өзіндік және топтық жұмыс, сондай-ақ шет тілдерін жеке оқыту үшін кабинеттер қарастырылған, қажетті оқу және ғылыми, өздігінен үйрететін әдебиеттер мен сөздіктер бар.2019 жылғы 22-25 қазан аралығында Қазақстанда алғаш рет IV Кітапханалық форум, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ғылыми – медициналық кітапханасының базасында «Сібір мемлекеттік медицина университеті» (Томск қ.) бірлескен ұйымдастырушыларымен «Медициналық кітапханалардағы ақпараттық технологиялар» атты XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның негізгі тақырыбы «Цифрландыру» жағдайындағы медициналық кітапханалардың рөлі мен орнын анықтау: жаңа сын-қатерлер. Конференция жұмысының бағыттары: медициналық кітапханалардың халықаралық серіктестігі. Ғылыми қызметті басқаруға арналған құралдар. Кітапхана қызметтері: виртуалды және нақты. ЖОО-да аккредиттеу: «қайнау нүктелері».Форумға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Чехия, Польша медициналық жоғары оқу орындарының ғылыми кітапханаларының қызметкерлері қатысты. Мәскеу, Томск, Курск, Прага, Владивосток, Варшава, Ташкент, Шымкент, Алматы, Воронеж, Өскемен, Астана, Орал қалалары таныстырылды.Негізгі міндеттерді шешу үшін Университет кітапханасы ҚР жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығымен, электрондық кітапханалар мен жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланушылар мен әзірлеушілердің халықаралық қауымдастығымен (ЖАТЭК) және 2020 жылдан бастап ТМД медициналық кітапханалары қауымдастығының толық мүшесі болып жұмыс істейді.