Ученый совет

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Ғылыми кеңесі мәжілістік орган болып табылады. Ғылыми кеңестің өкілетті мерзімі – 3 жыл.
Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» Жоғары оқу орындарындағы Ғылыми кеңес қызметінің типтік ережелерін, М. Оспанов атындағы БҚМУ Жарғысын және Ғылыми кеңесі туралы ережені басшылыққа алады.
Университет Ғылыми кеңесінің қызметі жариялылық пен өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау қағидаларына сүйенеді.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ
1) Кәсіптік оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында университеттің білім алушылары мен профессор-оқытушы құрамы үшін қажетті жағдай жасау;
2) Қаржылық қолдау көрсету, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту;
3) Университеттің ары қарай дамуына үлес қосу.

УНИВЕРСИТЕТ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ:
– университет құрылымын бекітеді;
– университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
– университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын белгілейді;
– университеттің құрылымдық бөлімшелерін (зертхана, кафедра, институт, факультет және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
– университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
– университет ректорының, проректорларының, факультет декандарының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, халықаралық, ақпараттық, қаржы-шаруашылық, әкімшілік қызмет формалары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды;
– университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастырады;
– бюджеттен тыс қаржыны қолдану тәртібін, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету мен шығарылатын өнімді сату арқылы алынатын табыстарды қайта инвестициялау бағыттарын анықтайды;
– жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесі бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, оқыту мерзімдері мен формаларын анықтайды;
– диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен PhD докторанттардың тақырыбы мен ғылыми жетекшілерін бекіту;
– оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды;
– студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды;
– ҚР Президенті бекіткен шәкіртақылар мен атаулы шәкіртақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;
– ҚР мемлекеттік аттестациялау ұйымдарының алдында қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беру туралы ұсыныстар жасау
– университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастырады;
– алқалық шешімді қажет ететін университет қызметінің басқа да мәселелерін қарастырады.

Ғылыми кеңестің шешімдері хаттама түрінде жазылып Ғылыми кеңес төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Ғылыми кеңестің мәжілісі айына бір рет бекітілген жоспарға сай өткізіледі.
Мәжілістерге материалдарды уақытында және сапалы дайындау және Ғылыми кеңестің іс-қағаздарын жүргізу жауапкершілігі Ғылыми кеңестің ғалым хатшысына жүктеледі.
М. Оспанов атындағы БҚМУ Жарғысын және Ғылыми кеңесіне сұрақтарды дайындау, енгізу және қарастыру талаптары

М. Оспанов атындағы БҚМУ Жарғысын және Ғылыми кеңесінің (бұдан былай – Ғылыми кеңес) күн тәртібіне енгізілетін сұрақтарды дайындау үшін университет Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысына мәжіліс белгіленген күннен 10 күн бұрын:

1) баяндама (қағаз бетіне түсірілген және электронды түрде, қазақ және орыс тілінде);
2) шешім жобасы
3 ) презентация ұсынылуы тиіс.
Ғылыми кеңес мәжілісінде қарастырылатын құжаттарға жауапты тұлғалар және проректорлар қол қоюы керек.
Қажетті құжаттарды немесе материалдарды ұсыну уақыттарын дұрыс ұстанбаған жағдайда университеттің ғалым хатшысы Ғылыми кеңестің төрағасының алдында осы сұрақты күн тәртібінен алып тастау туралы ұсыныс жасай алады.

Телефон: +7 (775) 920 46 82
e-mail: us@zkmu.kz