Бейінді мамандарының Атырау облысындағы іссапары қарқынды жалғасуда

23.02.2023ж. «№2 акушерия және гинекология» кафедрасының доценті м.а Ж.Ж. Дарибай Атырау облыстық перинаталдық орталықта аймақтың акушер-гинекологтарымен кезедісп, пікір бөлісті. М.Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медициналық университетінің профессоры, танымал акушер-гинеколог Жәнібек Жәлелұлы тәжірибе алмасу мақсатында перинаталдық орталықтағы пациентерді қарап, қабылдау жүргізді. Тиісінше өз кеңесін беріп, нұсқаулар тағайындады.

М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің «Психиатрия және наркология курсымен неврология» кафедрасының жетекшісі Д.Н. Аяганов Атырау облысындағы әдістемелік-нұсқаулық көмек көрсету мақсатындағы іссапардың шеңберінде Атырау облыстық балалар ауруханасының кеңес беру-диагностикалық бөлімінде балаларды қабылдады және емхана мен аурухана дәрігерлеріне арнап «Эпилепсия» тақырыбында дәріс өткізді.

Денсаулық сақтау саласындағы үйлестіру және әдістемелік-нұсқаулық көмек көрсету мақсатында құрамында университеттің хирург, инфекционист, невропатолог, педиатр-неонотолог, акушер-гинеколог, реаниматолог бар бейінді тобы ақпан айының 20-24 аралығында Атырау облысында іссапарда жүр.