Ғылым саласы қызметкерлерінің күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер!
Бүгін еліміздегі Ғылым саласы қызметкерлерінің күні.
Медицина ғылымының саласында өнімді еңбек атқарып жүрген барша ғалымдарды осы бір ерекше мерекемен шын ниетіммен құттықтай отырып, ғылымдағы өнегелі, өрелі істеріңізге табыс тілейміз.
Халқымыз үшін білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің орны қашанда бөлек. Бабаларымыз ілім мен ғылымның тек оқу арқылы табылатынын дұрыс ұғынған. «Ғылым таппай мақтанба…» – деп, жас ұрпақты ғылымға жетелеген Ұлы Абай ұстанымы бүгін де маңызын жойған жоқ.
Ілім мен білімнің дамуы адамзат өркениетінің өлшемі. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең бұл – жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде көз ілеспес жылдамдықпен дамып отырған медицина ғылымындғы жасампаз жаңалықтардың адамзат үшін мәні мен маңызы зор. Бүгінде мемлекеттің тікелей қамқорлығының арқасында ғылым-білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.
Медицина ғылымы- ел экономикасының басты саласының бірі. Отандық денсаулық сақтау саласының болашағы оның ғылымының дамуына тікелей байланысты.
Президент Қ-Ж. К.Тоқаев мемлекеттің медицина саласына, халық денсаулығын өркендетуге, медицина ғылымының жедел дамуына мемлекеттік тұрғыдан тұрақты қолдау жасап отыр. Ғалымдар мен ізденушілерге арналған бірнеше гранттық байқаулар да көп. Бұл президенттің Қазақстан халқының өмір сүру сапасын көтеріп, оларға жоғары медициналық қызмет көрсету ауқымының ұлғайып, тұрғындардың өмір сүру жасының ұзаруы ісіне жасаған тікелей қамқорлығы.
Бүгін ел өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген түрлі медицина ғылымы саласындағы ғалымдарымыз үшін маңызы айрықша күн.
Құрметті әріптестер!
Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілейміз. Ғылым жолындағы жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер!