Талғат Қапаұлы Құдайбергенов
Талғат Қапаұлы Құдайбергенов 1962 жылы 17 желтоқсанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын, «Әділет» заң академиясы жоғары мектебін бітірген. Медицина ғылымының докторы.
1983 жылдан — Ақтөбе қаласының №1 клиникалық ауруханасында, Ақтөбе қаласындағы №1 әйелдер босану үйінде орта буын медицина қызметкері. 1986 жылдан Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында онкогинекология бойынша клиникалық ординатурада, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер. 1994 жылдан Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, клиникалық бөлім меңгерушісі, гинекология бөлімінің жетекшісі, 2003 жылдан — осы мекемеде директордың ғылым жөніндегі орынбасары, 2004 жылдан — жедел гинекология бөлімінің меңгерушісі. 2008 жылғы ақпаннан бастап Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.