Құжаттаманы басқару бөлімі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Құжаттаманы басқару бөлімі

Бөлім жетекшісі – Сарбаева Балгын Замединовна

Құжаттаманы басқару бөлімінің негізгі міндеттері:

  • Құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру.
  • Ведомстволық мұрағатқа беру үшін құжаттарды дайындау және құжаттардың орындалуын бақылау.
  • Университеттегі құжатайналым жұмыстарының көлемін қысқарту.
  • Негізгі міндеттерге сәйкес құжаттаманы басқару бөлімінің келесідей функцияларды жүзеге асырады:
  • Тағайындалған уақытта құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, университет жетекшісі құжаттардың орындалу нәтижелері жөнінде тұрақты ақпарат береді.
  • Университет ісінің номенклатурасын құрастырып, істердің жүйелі сақталуын және олардың ведомстволық мұрағатқа тағайындалған тәртіпте берілуге дейінгі қолданылуын қамтамасыз етеді.
  • Құрылымдық бөлімшелердегі істердің қалыптасуы мен рәсімделуінің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастырады.
  • Қазіргі таңда құжаттаманы басқару бөлімі электронды құжатайналым жүйесімен жұмыс жасайды.
  • Құжаттаманы басқару бөліміндегі мұрағат қызметінің артықшылықтарының бірі сұранысты орындау. Мұрағат құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, есеп жүргізіп, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізеді. Істердің дұрыс жүргізілуі мен рәсімделуін қадағалайды, істердің номенклатурасын құрастыруда әдістемелік көмек береді, істерді мұрағатқа беруге дайындайды.
  • Университет аудармашылары құжаттаманы басқару бөлімінің құрамына кіріп, іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалайды. Кіріс және шығыс құжаттарының дұрыс рәсімделуін тіркейді. Ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да арнайы құжаттарды, басқа мекемелермен қызметтік хат материалдарын, сондай-ақ конференциялар, кеңес, семинарлар материалдарын аударады. Орындалған аудармалардың есебін жүргізеді.

Құжаттаманы басқару бөлімінің қызметкерлері жауапкершілігімен, жинақылықтарымен, ұқыптылықтарымен, төзімділіктерімен, мұқияттылықтарымен және жедел орындау қабілеттерімен ерекшеленеді. Жылы шырай мен белсенділік кеңсе қызметкерлерінде жоғары деңгейде. Құжаттаманы басқару бөлімі – университет жүрегі!

Барлық өтініштер университеттің электронды мекен-жай поштасына жіберулеріңізді сұраймыз: info@zkmu.kz

“Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” КеАҚ

030019 Қазақстан, Актобе қ., Маресьев көшесі,  68 үй.

Құжаттаманы басқару бөлімі: 8 (7132) 56-00-08

Телефон: 8 (7132) 56-34-25

Факс: 8 (7132) 56-32-01

E-mail: info@zkmu.kz

Веб-сайт: http://zkmu.edu.kz