Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті Қасым – Жомарт Кемелұлы!

Ықылым заманнан адамзат тарихында ерекше құрметке ие екі мамандық болса, оның бірі – ұстаз, екіншісі – дәрігер деп саналған. Әркез денсаулыққа қорған болған адамдар ерекше құрметке ие болған. Содан да болар, әлемнің бірінші ұстазы атанған Аристотельмен барша дәрігер ант берген Гиппократтың есімдері адамзат жадында мәңгі сақтаулы.

Бүгінде цифрлық технология дәуірі мен жаһандану заманы өзге де мамандық иелерінің беделін арттырып, мерейін үстем еткенімен, мына ағымдағы жыл басынан бері күллі әлемді шарпыған пандемия қасіреті жер бетінде «денсаулықтан асқан байлықтың жоқ» екенін қайта дәлелдеп брегендей. Сонау шығыстағы Қытайдан бастау алған зұлмат төрткүл дүниені айналып, өкінішке орай біздің де елге жетіп үлгерді. Әлем көріп отырғандай, пандемияның қауіпін бағамдай алмаған алпауыт елдер қазіргі таңда вируспен күресуде қауқарсыздық танытып отыр. Адамзаттың қалыпты тіршілігін бір демде өзгерткен, бүкіл әлемді аяғынан тік тұрғызған коронавирустың жаппай таралу қауіпін алдын-алып, уақытында сақтық шараларын жүргізе білген елдің билігі ғана халқын аман сақтап қала алатынына көз жеткіздік. Дана халқымызда «Сақтансаң – сақтайды» деген тағылымды сөзі бекер айтылмаса керек.

Елімізде індетті жұқтырған алғашқы науқас тіркелген сәттен бастап, Сіз бұл мәселені жеке бақылауыңызға алып, аурудың таралуының алдын-алуға арналған керекті тапсырмаларды дер кезінде бердіңіз. Сіздің көрегендігіңіз бен пайым парасатыңыздың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз.

Халқының қамын ойлаған көреген басшы ретінде Сіз қауіпті дертпен күні-түні аянбай күресіп жүрген ақ халатты абзал жандарды бүгінгі күннің батырына теңеп, дәрігерлердің абыройын асқақтаттыңыз. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы айрықша көңіл бөліп, «Саулық – байлық негізі» деп ұран еткен екен.

Мына қауіпті індетпен «соғыстың» алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге барынша жағдай жасауды тапсырдыңыз. «Қазақстандық медициналық кеңес» Қазақстанның медицина университеттерінің Альянсы Сіздің пандемиямен күрес барысында денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жасаған ерекше қамқорлығыңызға шексіз алғыс білдіре отырып, қауіпті дертпен күрес жолында аянбай еңбек етуге және жоғары кәсібилік танытуға уәде береді.

#БІЗ БІРГЕМІЗ!

Құрметпен,

Ассоциацияның президенті, «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры, профессор Дайнюс Павалькис

Ассоцияцияның вице-президенті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ҚеАҚ ректоры , профессор Нұрғожин Талғат Сейітжанұлы

«Қарағанды медициналық университеті» ҚеАҚ ректоры,

профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректоры,

профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы

«Батыс Қазақстан медицина университеті» ҚеАҚ ректоры,

профессор Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы

«Семей медицина университеті» ҚеАҚ ректоры,

профессор Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ректоры

Әуезова Ардақ Мұханбетжанқызы