Үздік құрылымдық бөлімше – 2020
Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де Медицина қызметкері күніне орай “Үздік құрылымдық бөлімше” байқауы өткізіледі.
Іс-шараны адами ресурстарды басқару департаменті, кәсіподақ комитеті корпоративтік рухты дамыту, адалдық, қызметкерлерді материалдық емес ынталандыру және университет ұжымын біріктіру мақсатында ұйымдастырды.
Байқау номинациялары: «Үздік теориялық кафедра», “Үздік клиникалық кафедра”, “Университет клиникасының үздік бөлімі”, “Үздік құрылымдық бөлімше” (АБЖ, АХЧ, ОТҮ).
Конкурсқа қатысушылар өз бөлімшесін 2 минутқа дейінгі ұзақтықпен ақпараттық бейне-визитканы түсіріп, бөлімшенің атауы және байқау номинациясымен WhatsApp-қа (тел. +7-708-984-4548) бейне-визитканы жіберуі қажет. Құрылымдық бөлімше бір ғана номинацияға қатыса алады.
Өтінімдер 2020 жылдың 3-16 маусымы аралығында қабылданады.
Басқарма төрағасының – Ректордың бұйрығымен бекітілген байқау комиссиясы видео-визиткаларды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
– визитка (тарих, сіздің бөлімше ерекшелігі және оның айырмашылығы);
– ақпараттылық;
– жетістіктер;
– техникалық іске асыру;
– ерекшелігі.
Номинация жеңімпаздары кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталады.