Әдістемелік сабақ

Дене тәрбиесі кафедрасының доцентінің м.а. М.М.Бобырева дене шынықтыру бойынша практикалық сабақтарды қашықтықтан өткізу форматының ерекшеліктері  көрсетілген әдістемелік сабақ өткізді, сабақты жүргізудің екі әдісін ұсынды: айналмалы және блокты.

Сонымен қатар, әдістемелік сабақ барысында кафедра қызметкерлері төмендегідей сұрақтарға  жауап алды
:- Барлық бұлшықет топтарын қамту үшін дұрыс жаттығуларды қалай таңдауға болады?
Студенттердің  оларды орындауы қиындық тудырмауы үшін жаттығуларды кешенді қалай бөлуге болады?

–  Жүктеме алғаннан кейін денені қалпына келтіру үшін сабақтың соңғы бөлігіне қандай жаттығуларды қосу керек?
–  Егер студенттер  арнайы құрал-жабдық болмаса не істеу керек және оны қандай затпен ауыстыруға болады?
– Жаттығуды толық көрсету үшін камера алдында орынды қалай таңдауға болады?
–  Студенттер оларды дұрыс орындауы үшін жаттығу техникасын қалай көрсету керек?- 1 және 2 курс білім алушылардың жұмыс істеу айырмашылықтары.