Құрметті студенттер!
Биылғы оқу жылында университет «Платонус» жаңа ақпараттық жүйесіне көшуді бастады.
Қазіргі күні «Батыс Қазақстан Медицина университеті» КеАҚ оқу процесінде Moodle платформасымен қатар, бұрын қолданылған Сириус жүйесінің орнына Platonus жүйесін қолдануда. Қазіргі уақытта «Платонус» жаңа ақпараттық жүйесін енгізу барысында бейімделу кезеңі өтуде, сондықтан техникалық қателіктердің болуы сөзсіз.
Осы уақыт аралығында аралық бақылау кезеңінде өткізілген тестілеу барысында кішігірім қиындықтар туындады және барлық мәселелер студенттердің пайдасына шешілді. Міне, кейбір қателіктер: пайдаланушылар үшін Интернеттің жылдамдығы нашар, жүйелік мекен-жайды енгізу кезіндегі қате, пайдаланушы аты мен парольге деген немқұрайлылық және т.б.
Бағалану туралы мәліметтерді Журнал бөлімінен көруге болады. Қазіргі уақытта оқытушылар жүйеге бағаларды енгізуде, сондықтан бағалаудың аяқталуын күткен жөн.
Жүйеге техникалық қызмет көрсетуді және қателіктерді жоюды Департамент қызметкерлері мен «Платонус» техникалық қолдау қызметі күнделікті жүзеге асырады.
Пайдаланушы логинін/пароліңізді өзгерту, аккаунтты бұғаттан босату немесе «Платонус» ақпараттық жүйесіне қатысты басқа да сұрақтар бойынша сіз Цифрландыру және процестерді автоматтандыру департаментіне dot@zkmu.edu.kz мекен-жайына хат жазу арқылы немесе деканаттармен хабарласу арқылы ала аласыз.
Сонымен қатар, «Платонус» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін бейне оқулықтар мен нұсқаулықтар жазылды, олармен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады: https://zkgmu.kz/ru/portal-tsifrovogo-obrazovaniya?layout=edit&id=4257.