Райса АРИНГАЗИНА: Менің ойымша, біздің зерттеулеріміздің маңызы өте зор
Біздің университет оқу процесінен басқа ғылыми жұмысты да ұмытпайды. №1 ішкі аурулар кафедрасы заманауи медицинаның өзекті тақырыптарының бірі – жүкті әйелдердің анемиясына арналған көптеген жұмыстар жасады. Оның үстіне, бұл тақырыптың өзектілігі, уақыт көрсетіп отырғандай, ешқашан жойылған емес.
Толық тақырып «Анемиялық синдромы бар жүкті әйелдердегі феррокинетиканың зертханалық маркерлерінің диагностикалық маңызы» деп аталады.
Осындай әдемі, бірақ атауы ұзақ зерттеудің мәні неде екенін медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ішкі аурулар кафедрасының профессоры Райса Арингазина айтып берді.
– Райса Абдижаппаровна, неге дәл осы тақырып?
– 2019 жылы біз студенттермен бірге Ақтөбе облысындағы жүкті әйелдердегі ауруларға ретроспективті талдау жүргіздік. Бастапқыда біз статистикалық материалдармен жұмыс жасадық. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі ақпаратты қараған кезде, жүкті әйелдердің негізінен қайталанатын патологиялары – артериялық гипертензия, анемия бар екенін байқадық (ол әрдайым болды және жоғары деңгейде сақталды). Әдеттегі патологияға зәр шығару жолдарының инфекциясын да жатқызуға болады.
Мұнда біздің университеттің басшылығы конкурс жариялайды, оның ішінде студенттердің қатысуымен, мен оларға жұмысты ретроспективті форматта жүргізуді ұсындым. Осы кезде бізде біраз зерттеулер мен дағдылар болды.
Біз бір жыл бойы аурулар тарихын талдадық. Көлемді жұмыс болды, көп аурулар тарихының ішінен біз 400-ге жуық тарихты таңдап алдық. Зерттеу нәтижесінде жүкті әйелдерде төрт патология бар екендігі анықталды.
Бұл артериялық гипертензия. Дәлірек, синдром деп атайық, өйткені оның өз жіктеу категориялары бар – гипертензия жүктілік кезінде пайда болды немесе созылмалы болды.
Анемиялық синдром, оны тіпті бірінші орынға қоюға болады. Бұл патология жүктілік кезінде де болуы мүмкін немесе созылмалы түрінде болуы мүмкін.
Әрі қарай зәр шығару жолдарының аурулары мен эндокриндік ауруларды атауға болады.
-Сіздің жұмысыңыз дәл жүкті әйелдердің анемиясына қатысты болды ма?
– Иә. Біздің өңірдегі жүкті әйелдерде анемияның қандай түрі темір тапшылығы немесе созылмалы инфекциялар мен патологиялар кезіндегі анемиясы басым ба екендігі қызығушылық туғызды. Шынымды айтсам, екінші нұсқа басым болады деп ойладым. Өйткені біздің халықтың негізгі тағамдары, өздеріңіз білетіндей, ет болып табылады және темір тапшылығы болмауы керек сияқты.
Сондықтан тақырып феррокинетиканың диагностикалық маңызы болды. Феррокинетикаға оның барлық параметрлерімен жалпы қан талдауы кіреді. Біріншіден, эритроциттік және тромбоциттік көрсеткіштер, өйткені олар жүктілік кезінде маңызды рөл атқарады. Екіншіден, темірмен байланысты барлық параметрлер: іргелі депо – ферритин, сарысулы темір, темірдің жалпы сіңіру қабілеті. Тағы бір параметр – бұл метаболизмнің реттеушісі болып саналатын гепсидин. Бұл салыстырмалы түрде жаңа маркер. Әлемде гепсидинді зерттеу әлі де жалғасуда. Бұл пептид бойынша нақты және толық жауап алынған жоқ. Бірақ мен оны біздің жұмысымызға қосуды жөн көрдім.
– Зерттеу қалай өтті?
Алдымен, кеңірек таңдау болу үшін пациенттердің үш тобын құруды ұйғардық. Бірақ пандемия мен елдегі жағдайға байланысты екі топпен – анемиясы бар жүкті әйелдер және дені сау контингентпен шектелуге тура келді
Бұл жобада тек екі адам ғана жұмыс істеді – мен өзім жетекші ретінде және профессор, медицина ғылымдарының докторы Қаншайым Жарасқызы Сакиева. Мен бұл адаммен бірге жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Ол өте тәжірибелі педагог және ғылыми зерттеуші. Оның күш-жігерінің арқасында біз белгіленген мерзімге үлгердік және осы жұмыстың бірінші кезеңін аяқтай алдық деп айта аламыз.
– Зерттеу қандай нәтижелер берді?
– Білесіздер ме, бізді бірде-бір тексерілушімізде созылмалы аурулар аясында анемия болмағаны таң қалдырды. Анемияның барлық анықталған жағдайлары темір тапшылығының генезі болып шықты! Оның үстіне, ол жүктілік кезінде емес, бұған дейін пайда болған нәрсе. Және ол ферритин тапшылығы және гепсидин деңгейінің төмендеуімен көрініс тапты. Бірақ бізді бұдан бетер таңқалдырғаны жақсы қан анализімен – гемоглобин мен түс көрсеткіші қалыпты біз сау деп санайтын тексерілушілерде де депода гепсидин мен темірдің төмен деңгейі анықталды.
– Сіздің ойыңызша, сіздің зерттеулеріңіздің клиникалық маңызы қандай?
– Менің ойымша, бұның клиникалық, әлеуметтік маңызы өте зор. Біз кейбір зерттеу көрсеткіштерінің халықаралық параметрлерге сәйкес келмейтіндігіне назар аудардық. Кейін мен өзіме мынадай сұрақ қойдым: мүмкін, бұл параметрлер біз үшін өте қолайлы емес шығар? Өйткені біздің өңір тұрғындарының өз ерекшеліктері бар – тамақтану, экология және т.б. Мұның бәрі қосымша зерттеулерді қажет етеді. Енді мен осы бағытта жұмысты жалғастыруым керек екенін түсінемін. Себебі туындаған сұрақтарға арнайы әдебиеттерде жауап табу екіталай.
Яғни, біздің әріптестерімізбен жасаған нәрсеміз, бұл өзіндік бастама десе де болады. Және бұл жұмысты жалғастыруды талап етеді. Ғылым, әдетте, терең зерттеуді жақсы көреді.
Және әрине әріптестерім туралы сөз қозғаған соң, осы ретте оларға алғысымды білдіргім келеді. Ең алдымен, университетіміздің ректоры Мұрат Қойшыбайұлы Телеуовке Alma mater – жобамыздың дәстүрлерін жалғастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Осы жобаны мақұлдаған Ғазиза Смағұлқызы Ажмагиевнаға алғысымды білдіремін. Самат Сағатұлы Сапарбаев та өте көмектесті – бұл жас және болашағы зор ғалым. Жоғарыда айтылған Каншайым Жарасовна Сакиеваға да алғысымды айтамын. Әрине, осы тақырыпта 2019 жылы жұмыс жасап бастаған студенттерімізге де алғыс айтқым келеді.
– Қорытынды ретінде, сіздің зерттеу тақырыбыңызға байланысты соңғы сұрағымды қойсам. Арық дене бітімін қалайтын көптеген жас қыздар вегетарианшыларға айналады, яғни олар еттен толығымен бас тартады. Сіз оларға не айта аласыз?
Темірі бар негізгі тамақ өнімі ет болғандықтан, сіз еттен мүлдем бас тарта алмайсыз! Олар болашақ аналар, сондықтан темір тапшылығы анемиясымен күресудің қажеті жоқ, күнделікті диетада кем дегенде ет болуы керек!
– Қызықты сұхбатыңыз үшін сізге көп рахмет!