Марат Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ ғалымдары 2021 жылы өнертабысқа және пайдалы модельге алған патенттер

Патент – бұл өнертабысқа айрықша құқық. Шығармашылық идеяларды марапаттаудың формасы бола отырып, патент медицина және басқа да салаларда инновация мен жаңа технологиялардың дамуын ынталандырады. Қазақстанда интеллектуалдық меншіктің түрлі нысандары қорғалады, патенттің бірнеше түрі (медицинада – өнертабысқа, пайдалы модельге) беріледі. Ғылыми-зерттеу қызметінің менеджмент бөлімі қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының бірлескен жұмысы нәтижесінде 2021 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Ұлттық зиякерлік меншік инсититутынан өнертабысқа және пайдалы модельге 4 патент алынды.

– «Аяқ-қолдардың беткей орналасқан көктамырларына перифериялық катетор орнату тәсілі» ҚР өнертабысқа патентін авторлар Саркулова Ж.Н, Қайрғали А.Қ, Саркулов М.Н, Жапарова А.К. алды;

– «Несепағарға диагностика және лазерлі литотрипсия үшін құрылғы» ҚР өнертабысқа патентін авторлар Жакиев Б.С., Айтбаева А.М., Елемесов А.А. алды;

– «Холедохолитиазбен асқынған өт тас ауруы кезіндегі лапароскопиялық дуктохоледохолитомия тәсілі» ҚР пайдалы модельге патентті авторлар Саркулов М.Н, Қайрғали А.Қ, Айтжанов Н.Ж, Арингазина Р.А. алды;

– «Аяқ-қолдардың беткей орналасқан көктамырларына катетеризация жасау үшін құрылғы» ҚР пайдалы модельге патентті авторлар Қайрғали А.Қ, Жапарова А.К, Кузбаков М.Х, Есказина Г.Т, Ашимова Ж.Б. алды.

Жоғарыда аталған авторлар премия түрінде сыйақы алды.

Патент алуға қатысты қызықтырған сұрақтар бойынша Марат Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ, 1 корпус 101 кабинетке немесе 54-37-07 байланыс телефонына хабарласуыңызға болады.