Жарты ғасырдан астам өзінің университетіне қызмен еткен

2021 жылдың қазан айында химиялық пәндер кафедрасының доценті, б.ғ.к. Анес Габбасович Беккужин өзінің 80 жасқа толу мерейтойын атап өтті.

Ақтөбе ММИ түлегі А.Г.Беккужиннің бүкіл еңбек қызметі 1970 жылдан бастап Совет Армиясы қатарында әскери қызметін орындаған соң және Н.И.Пирогов атындағы 2-ші Мәскеу ММИ аспирантураны аяқтағаннан кейін қайтып оралған соң биохимия кафедрасымен байланысты.

Әртүрлі жылдары әдістемелік кабинетті басқарды, педиатрия факультеті деканының орынбасары, университеттің МАК мүшесі болды. Біздің университеттің бұрынғы түлектері – Қазақстанның Батыс аймағының дәрігерлер қауымы доцент А.Г.Беккужинді кәсіби деңгейі жоғары және ақылды педагог, олардың алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстарының ғылыми жетекшісі ретінде біледі. Доцент Беккужин А.Г. ғылыми зерттеушілік қызметін әлі де жалғастырып келеді, Scopus, Хирша индексі 3 журналдарында мақалалары жарияланды. Жоғары көрсеткіштері үшін «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен, ҚР ДМ және БҒМ, облыс әімінің, Марат Оспанов атындағы БҚМУ басшылығының құрмет грамоталарымен марапатталды. Беккужиндер династиясында университеттің бірнеше педагог мамандары және Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарының көптеген дәрігерлері бар.

Мерейтой иесіне мықты денсаулық, ұзақ өмір және шығармашылық табыс тілейміз!