МСАК дәрігерлеріне арналған семинар

Осы жылдың қазан айынан бастап балалар арасында ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Ерте жастағы пациенттерде олардың ағымы 30-45% жағдайда асқынулармен қатар жүреді.

ЖРВИ ерте диагностикалау, қайталама бактериялық сипаттағы асқынулардың алдын алу мақсатында 2 қараша күні сағат 15:00-де №3 қалалық емхана базасында Инфекциялық аурулар және балалар инфекциясы кафедрасының доценті Жұмағалиева Галина Даутовнамен МСАК дәрігерлеріне оқыту семинары өткізілді.

Іс-шараға Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, МСАК штаттан тыс бас маманы тұлғасында Қамысбаева Күләш Отанқызы, педиатрия қызметтерінің меңгерушілері, барлық қалалық емханалардың бөлім меңгерушілері және дәрігер-педиатрлар, МСАК ЖПД қатысты. Науқастарды амбулаториялық жағдайда жүргізу тактикасы, ауруханаға жатқызудың шұғыл көрсетілімдері, ЖРВИ этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық терапиясы талқыланды. Бактерияға қарсы емдеудің көрсеткіштеріне ерекше назар аударылды, оны бактериялық генездің асқынуымен ғана жүргізу керек. Вирустық инфекцияларда антибиотиктер көрсетілмегені және тіпті зиянды екендігі атап өтілді.

Қазіргі қиын пандемия жағдайында оқыту семинарлары бұрынғыдан да қажет және оларды осы саладағы мамандардың тәжірибе алмасуының тиімді жолдарының бірі деп санауға болады.