Олимпиада өз мәресіне жетті

Марат Оспанов атындағы БҚМУ-дегі студенттік республикалық ғылыми олимпиаданың жеңімпаздары анықталды. Ғылыми қоғамның төрайымы А.Битегенова жарыс қорытындысын жариялады.
Білім бәсекесінде 1-орынды Семей медицина университетінің суденттері А.Бахтаров, М.Мусабеков, Е.Кусманов иеленді. Жүлделі 2-орын Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенттеріне (А.Кажмуханова, Л.Даньшин, М.Оңберген) берілді. Жеңіс тұғырының 3-сатысына А.Амангелді, А.Назымбекова, А.Аралбайқызы, Ж.Қибаш және Ж.Елдосқызы көтерілді. Жеңіспаздардың соңғы легі – Қарағанды медицина университетінің студенттері.
Ғылыми олимпиада – студенттерге өзара тәжірибе алмасып, өзіндік гипотезалары мен идеяларын, ғылымның даму бағытын айқындайтын жол көрсеткіш. Әрі жас ғалымдарға ой-пікір бөлісуге мүмкіндік беретін пікірталас алаңы.
Онлайн форматта өткізілген олимпиада БҚМУ-нің 65 жылдығына арналып өткізілді. Жас ғалымдар олимпиадасының ұйымдастырушысы – университеттің студенттік ғылыми қоғамы.