Кітапхана қоры толықты

Бүгін, яғни, 2 наурыз күні терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының жетекшісі Жолдасова Нургуль Жанабаевна университет кітапханасының қорына сиясы кеппеген «Мия тамыры мен андыз тамырларынан алынған май сығындыларының созылмалы пародонтит кезіндегі клиникалық және иммунологиялық көрсеткіштерге әсерін бағалау» тақырыбындағы монографиялық еңбегін ұсынды.

Автор:

Әдеби шолулар бойынша қазіргі дереккөздерде мәліметтер берілмейді, мен Pubmed секілді барлық сайттарды қарап, жалпы мағлұматты жинай отырып, өзімнің ғылыми жұмыстарымды дәлелдеп, қазіргі таңдағы емдеу әдістерін қостым. Кітапты жеке баспадан алдағы уақытта қажеттілік туындайтынын есепке ала отырып, 1000 данасын шығардым. Әзірше кітапханаға 3-4 данасын тапсырып жатырмын, онымен қоса қазіргі заманның талабы бойынша студенттерге электронды нұсқасы көбірек қажет болғандықтан, электронды нұсқасын да тапсырып отырмын. Кітап 120 бетті құрайды.

Кітаптың маңыздылығы қандай?

Студенттерге қажетті тақырыптың бүгінгі таңдағы өзгерістері сөз болды. Кітап орыс тілінде жазылды, болашақта қазақ тіліне аудару жоспарда бар, ғылыми атақ қорғауға жұмыстанып жатырмын, бұл жұмысым соның талаптарының бірін толтырып тұр. Scopus талабы бойынша да бұл жұмысымның пайдасын көргелі отырмын, ол үшін ағылшын тіліне аударуым қажет. 2006-2010 жылдары Кузденбаева Раиса Салмагамбетовнаның зерттеген біздің өлкеде өндірілетін фитопрепараттарды парадонта ауруларында қолдану бойынша бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы ТМД елдерінде қызығушылық тудырады деген ойдамын.

Университет кітапханасының жетекшісі Тюрежанова Гульнара Амангельдиевна бұл кітапты болашақта ЖОО жұмыстары көрсеткіштерінің индикаторына енгізетінін айтты.

Жылына шамамен 30 шақты кітап кітапхана қорына түсетінін есепке алсақ, оның ішінде 5-6 ғана монография жарыққа шығады. Кітапханашы ретінде бұл кітапты өте жоғары бағалаймын. Барлық талаптарға сай рәсімделген. Мұқабасы сапалы, стоматологтарға өте қажетті оқу құралы болатынына сенім мол. Сұраныс көп болатыны белгілі, сондықтан да электронды кітапханаға енгізгелі жатырмыз. eLIBRARY.Ru ғылыми-электронды кітапханасына да енгіземіз.