Референдум – букіл халықтық науқан
Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылау мақсатында республикалық қоғамдық штабтың мүшелері 26.05.2022ж. Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің ұжымымен кездесті. Конституциялық референдум өткізуге бір айдан аз уақыт қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.
– Халық өз тағдырын өзі шешетіндей болуы үшін, мемлекеттің ісін барлық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін референдум өткізгелі отыр. 1995 жылдан бері референдум өткізілген емес. 27 жыл бойы.
Осы жылдардың ішінде референдум шақыратындай да жағдайлар болды. Төрт рет конституция өзгерді, бірақ барлығы парламент арқылы шешіліп келген еді. Енді үлкен өзгерістер болуына байланысты референдум қажет болып отыр.
Өйткені конституцияның 33 бабына яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмекші-дейді жиынға қатысқан медицина саласының ардагерлері. Оқу орнының үлкен ұжымы да азаматтық ұстаным танытуға ынталы.