Медицина мүмкіндіктерін мазмұндаған саммит
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. «Дені сау ұлт» атты Республикалық медициналық саммитке «Марат Оспанов» атындағы БҚМУ делегациясы қатысты. Саммит барысында еліміздің денсаулық сақтау ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният саласының бүгінгі жетістіктері сөз етіліп, алдағы жоспарлар сараланды. Сонымен қатар кемшіл тұстар мен назар аударуды қажет ететін межелі міндеттер алға қойылды.
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ғаламдық індет шарпып, эпидемиологиялық ахуал күрделенген сәтте дәрігерлер мен медициналық орта буын қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегін атап өтті. Қиын қыстау сәтте ел мен жердің ауыр да, салмақты жүгін арқалап, қоғам мен адамзат алдында танытқан қайтпас қайсарлықтары үшін алғыс білдірді.
Іс-шара барысында мемлекеттік наградалармен марапатталған Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Денсаулық сақтау министрі кәсіби мерекеге орай үздік медицина қызметкерлерінің еңбегін атап өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік наградалармен марапатталған Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Осылайша, Денсаулық сақтау саласының 44 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 маусымдағы №932 Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан зор үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі қажырлы еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды. 21 адам “Құрмет” орденімен; 14 адам “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды; 9 қызметкер “Шапағат” медаліне ие болды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салтанатты жиналыста сөз сөйлеп, денсаулық сақтауды қорғау – әлеуметтік даму саласындағы саясаттың басым бағыты, ал медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі Денсаулық сақтау жүйесін нығайту мен дамытудың кепілі болып табылатынын атап өтті. Жалпы, Қазақстан бойынша осы жылы денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және “Медицина қызметкерлері күні” кәсіби мерекесіне орай еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін 253 адам “Еңбек ардагері” медалімен; 565 – “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісімен; 569 медицина қызметкері “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталды.
“Медицина – бұл ерекше жан-дүниені сезіне білу қасиетін, жоғары кәсіби біліктілікті, білім мен тәжірибені қажет ететін сала. Дәрігерлер әрдайым адамгершілігімен, жанқиярлығымен және өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленеді. Медицина адам туғаннан бастап өмірінің соңына дейін араша түсетін жалғыз мамандық. Адамның өмір сүруіне үміт беретін және жанынан бірінші болып табылатын, ол – дәрігер. Біздің барлық медицина қызметкерлерімізге олардың қазақстандықтардың денсаулығын қорғауға қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Ерекше алғыс сөздерін сала ардагерлеріне арнаймын. Сіздердің тәжірибелеріңіз дәстүрді сақтауға көмектесіп, мамандардың жаңа буынына үлгі болары сөзсіз. Құрметті әріптестер, баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, табыс, бейбітшілік пен амандық тілеймін”, – деді А.Ғиният.