Жаңа Жолдау. Жаңа оқу жылы. Жаңа басшы.
2022-2023 оқу жылын Марат Оспанов атындағы БҚМУ жаңа ректордың жетекшілігімен бастады. Ғылыми-кеңес, оқытушылық-профессорлық құрам түгел бас қосқан алқалы жиынды оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректор, м.ғ.д., Э.К.Исмагулова кіріспе сөзбен ашты.
07.09.2022ж. ҚР ДСМ Аппарат басшысы Б.С.Әбділдин университеттің оқытушылық-профессорлық құрамына оқу орнының жаңа ректоры, м.ғ.д. Ә.Ә.Қалиевты таныстырып, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.
– Әсет Әскерұлы сіздерге бөтен емес, осы жердің түлегі, екі бірдей облыстың денсаулық сақтау саласын табысты басқарып шыққан, денсаулық сақтау саласының менеджері. ҚР ДС министрі А.Ғинияттың, әріптестерінің сенімін ақтайды, – деп сенімін. Әсет Әскерұлына жаңа қызметті табыс тілеймін. Ұжымға жаңа оқу жылы құтты болсын айтамын,-деді Батырбек Сұлтанұлы.
Ғылыми-кеңесте сөз алған №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. П.С. Жакиев:
– Әсет Әскерұлына бұл оқу орны етене таныс. Өзінің студенттік күнінен белсенділік танытып, хирургия саласына деген қабылеті мен талантын ерте көрсеткен біздің ізбасарымыз, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында ағза ауыстыруды-трансплантацияны ең алғаш енгізген талантты да танымал хиуруг, жаңашыл басшы екенін айқын дәлелдеді. Сондықтан, медициналық білім беру ісінде де жаңа ректор ретінде Әсет Әсерұлы бізді жаңа бастамаларға, жаңа реформаларға батыл бастайды, – деп сенемін.
Сөз кезегін алған ректор, м.ғ.д. Ә.Ә.Қалиев:
Құрметті менің туған университетімнің ғылыми кеңес мүшелері, ғылыми-оқытушылық құрамы, баршаңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Қазақстан Президенті Қ-Ж.К.Тоқаевтың Жолдауында атап көрсетілген денсаулық сақтау саласы мен медициналық білім беру бойынша алға қойылған міндеттерді бірге атқарамыз деген үміттемін. ДС министрлігінің, сіздердің сенімдеріңізді ақтай отырып, университетте бәсекеге қабылетті шәкірт тәрбиелеп, халық денсаулығы саласына адал еңбек ететін маман дайындаймыз. Мемлекеттің алдымызға қойған міндеттерімізді бірлесіп, ойдағыдай орындайтынымызға сенімдімін – деді.