Арзықұлов Жеткерген Әнесұлы
Жеткерген Әнесұлы Арзықұлов (2.7.1957 жылы туған, Қызылорда облысы Арал қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1996).
Ресей медицина ғылымдары академиясының академигі (2005). Ақтөбе мемлекет медицна институтын (1980, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет медициналық академиясы) бiтiрген. 1982–84 жылы Ақтөбе қаласындағы т. жылы ауруханасында дәрiгер-онколог. 1984–1993 жылы Ақтөбе облысы онкология диспансерiнiң торокалды бөлiмiн ұйымдастырып, оған басшылық еттi. 1993–1996 жылы Ресей Онкология ғылым орталығында докторант, 1996–2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекет медицина академиясында онкология кафедрасының меңгерушiсi. 2001 жылдан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры. А. ESSO, ASKO, ISDS және Ресей онкологтар қоғамының мүшесi. 240-тан астам ғылым еңбектiң, 4 монографияның, 16 оқулық пен 17 жаңалықтың авторы.