Ұлы ағартушы
Жақында тілдер кафедрасында Тілдер күніне және ағартушы, тюрколог, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтурсынов –қазақ лингвистикасының қалаушысы» атты іс-шара оқытушылар М.К Байтакова, Л.Т.Татанованың басшылығымен 201АБ, 209АБ «Жалпы медицина» факультеті студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шара «Ахмет Байтұрсынов – қазақ даласының ұлы перзенті» атты деректі фильмін көрсетілумен басталды.
“Жалпы медицина” факультетінің 209АБ топ студенттері іс-шараға қатысушыларға бейнепрезентация ұсынып, А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оның әдеби шығармалары, қоғамдық және саяси қызметі туралы мәлімет берілді.
А.Байтұрсыновтың қазақ және орыс тілдерінде “Замандастарға”, “Анама”, “Оқуға шақыру”, “Менің халқыма”, ” Адамдық диқаншысы»”, “Қазақтардың қазіргі болмысы” атты өлеңдері мақтаныш сезімімен оқылды.
Осы іс-шара өткізілген оқу аудиториясы А.Байтұрсыновтың сөздері жазылған плакаттармен,кітап көрмесімен безендірілді.
А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметінің басты мақсаты – өскелең ұрпақты адал және еңбекқор, Отан сүйгіш, қазақ халқының ғасырлық дәстүрлерін жалғастыруға дайын етіп тәрбиелеу.
201 АБ тобының студенттері: Асланұлы Сұлтан және Жалғасбаев Абылай ұлы ұстаздың рухани мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында “А.Байтұрсыновтың өсиеті” қойылымын көрсетті.
203 топ студенті Сәрсенбай Жұлдыз ұстаз, ғалым-ағартушы А.Байтұрсыновқа арналған өз шығармасынан «Арнау» атты өлеңін көпшілікке ұсынды.
Іс-шара соңында ойын оқыту платформасы «Каhoot» бойынша тақырыптық викторина өткізілді, онда А.Байтұрсыновтың өмірбаян деректері, шығармашылық жолы туралы сұрақтар қойылып, нәтижесінде:
1 орын – Ниеталиев Нұрдәулет (201 А)
2 орын – Жалғасбаев Абылай (201 А)
3 орын – Алимбаев Бекарыс (209 Б) иеленді.
Өткізілген іс-шара жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда маңызды танымдық және тәрбиелік мәнге ие.