Халықаралық конгреске қатысу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры, м.ғ.д., профессор А.А. Қалиев Таразда өтіп жатқан “Алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялар” атты 2 күндік халықаралық конгреске қатысты.
Конгрессте Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау саласының үздік сарапшылары өз тәжірибелерін ұсынды. Конгресс қатысушыларына ДДҰ-ның (Алматы облысы) демонстрациялық платформасы және Жамбыл облысы бойынша “үздік тәжірибелер орталықтарының” озық инновациялық технологияларын енгізу тәжірибесі көрсетілді.
Сондай-ақ, Конгресс қатысушыларымен бейнебайланыс арқылы ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық Одақ Кеңсесінің Басшысы Мелитта Якоб, Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі Гүлнара Баатырова, сондай-ақ “Ресейдің медбикелер қауымдастығы” жалпыресейлік қоғамдық ұйымының президенті Валентина Саркисова, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы кеңес төрағасы Надежда Петухова сөз сөйледі, “Primary Health Care”Ұлттық қауымдастығының президенті, профессор Төлебай Рахыпбеков және басқалар құттықтау сөз сөйледі.
Конгрестің екінші күні пленарлық және секциялық отырыстар өткізілді. Халыққа көрсетілетін МСАК деңгейінде медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бастапқы буын мамандарының қызметінде қолданылатын негізгі трендтер қаралды және талқыланды. Алғашқы медициналық және медициналық емес мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті, сабақтар мен жетістіктер туралы айтты.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтауды қаржыландыру, халықты медициналық қызметтермен сапа мен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету, халықты өз денсаулығына қамқорлық жасау, профилактика және медициналық сауаттылық процесіне тарту бойынша жаңа медициналық-әлеуметтік тәсілдер ерекше маңызға ие.