АМСК ИННОВАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕКІ КҮНДІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСС АЯҚТАЛДЫ
Конгресстің екінші күні пленарлық отырыс өтті, оның барысында іс-шараның спикерлері баяндамалар мен презентациялар жасады.
Содан кейін жұмыс панельдік секциялар форматында жалғасты, онда бастапқы буын мамандарының қызметінде қолданылатын, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған негізгі трендтер, медициналық көмектің сапасын басқарудағы тиімді тәсілдер, адамға бағдарланған тәсіл негізінде халықтың денсаулығын нығайтудың прогрессивті технологиялары, қаржылық инновациялар және жобаларды басқару мәселелері талқыланды. Сондай-ақ денсаулық сақтаудағы бастапқы буын деңгейінде мейірбике ісіндегі жаңашылдық пен заманауи парадигмалар бойынша баяндамалар, сондай-ақ АМСК басқарудың және халықпен байланыстың бизнес-процестерін қолдау құралы ретінде ақпараттық технологиялар таныстырылды.
“АМСК-тегі терең өзгерістер үдерістерін жеделдетудің негізгі аспектілері” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оған онлайн-форматта ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.
Конгресс соңында талқылау және қорытындылау өтті. Қатысушылар алғашқы буын саласында озық тәжірибені және жаңа медициналық-әлеуметтік технологияларды енгізу және тарату мәселелері бойынша үздік тәжірибелермен алмасу үшін пікірлесудің осындай форматының ерекше маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық конгресстің қарары қабылданды.