Әскери кафедрадағы күрделі жөндеу
Республика күні қарсаңында университтетің әскери кафедрасындағы күрделі жөндеу табысты аяқталды. Оқу-жаттығу ғимаратының төбе жабындысының негізгі бөлігі толықтай жаңартылып, ылғал өткізбейтін материалмен тегістей жабылды.
Әскери ғимараттың ірге тасының беті жаңартылып, бетонмен тегістеліп қайта құйылды. Оқу ғимаратының кіре берісіндегі бағананың қасбеті қыш тақтайшамен қапталды.
Сөйтіп, 2022-2023 оқу жылының басында тағы бір игілікті іс атқарылып, күрделі жөндеу жоспарланған мерзімде әрі тиянақты атқарылып, аяқталды.