Медициналық орталықтың материалдық-техникалық базасы жақсара бастады

Университеттің ғана емес, Батыс Қазақстан аймағының ірі клиникалық базасы болып саналатын медициналық орталықтың материалдық-техникалық базасын күшейту, жаңарту жұмыстары басталды. Таяу күндері орталықтың палаталарына науқастарға ыңғайлы етіп арнайы жабдықталған кереуеттік төсектер қойылды.

 

Сонымен бірге, медициналық орталықтың бірқатар жұмыс бөлмелеріндегі кеңселік жихаз жаңартылды. Ал, орталық зертхана көптеген жаңа қондырғы, құрылғы аспаптармен қамтамасыз етілді.

Университет әкімшілігі келешекте оқу ғимараттары мен жеке клиникалық базаларды кешенді түрде инновациялық жабдықтауды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта бірқатар базаларда күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстары басталады. Осы мақсатта жобалық құжаттар дайындалуда.