Университет Стратегиялары
Академиялық стратегия: міндеттер мен құралдар
Стратегия:
– Дарынды және ынталы студенттер
– Жоғары білікті ПОҚ және талантты ғалымдар
– Үш тілді оқыту
Міндеттер:
- Жоғары медициналық білім берудің заманауи тәсілдері мен стандарттарына сәйкес академиялық қызметті жетілдіру және қашықтықтан оқытуды дамыту.
- Келесі қадамдар арқылы білім алушылардың сапалы контингентін қабылдау:
– облыстан тыс жерлерде талапкерлерді іріктеу географиясын кеңейту, сондай-ақ шетелдік студенттердің үлесін арттыру;
– әлеуетті талапкерлердің облыстан тыс жерлерге кетуін қысқарту бойынша арнайы шаралар әзірлеу;
– шетелдік жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
- Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық, әкімшілік-басқару персоналының пулын қалыптастыру.
Құралдар
- ПОҚ біліктілігін арттыру
- Мемлекеттік гранттар, ректор гранты
- Олимпиадалар, конкурстар, жобалар
- Мотивация жүйесі-KPI
- “Үштілділік” Жобасы
- Тиімді білім беру технологиялары