«Студент қатарына қабылдау-2022» салтанатты шарасы

Қарашаның 4-і күні Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холл сахнасында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 1 курс студенттерін «Студент қатарына қабылдау» салтанаты өтті.

Білім ордамыз алдыңғы қатарлы білім мен ғылым, өнер мен спорт шыңын бағындырар жастар легін құрайтын өскелең ұрпақ өкілдерімен жыл сайын толығуда. Биылғы жылы университетіміздің 1 курс табалдырығын 623 студент аттады.

Университет ректоры А.А. Қалиев құттықтау сөз сөйлеп, «Жыл кураторы-2022» байқауында жеңіске жеткен келесі кураторларды марапаттады:
І дәрежелі диплом Ертукешова Гулия Муратбековна
ІІ дәрежелі диплом Нұрмағанбетова Гүлайым Жаңбырбайқызы
ІІІ дәрежелі диплом Ахметова Айнур Болатовна

Студенттер назарына театрландырылған көрініс ұсынылып, ант қабылданды. Мерекелік шара университеттің талантты студенттерінің күшімен дайындалған керемет музыкалық ән шашуға жалғасты.