Университет іс-шаралары
2022 жылғы 25 қарашада сағат 9-00-де Аққағаз Досжанова атындағы конгресс-холлда “Мейірбике ісін реформалау: жетістіктер, проблемалар, перспективалар” тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның салтанатты ашылуы өтеді. Конференцияны ұйымдастырушылар: М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, “Мейірбике ісін жетілдіру орталығы”, “Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау” кафедрасы, “Ақтөбе орта медицина қызметкерлерінің қауымдастығы”.
Конференцияға қатысушылар: ҚР ДСМ, К. Марцинковский атындағы Познань медицина ғылымдары университеті (Польша), JAMK қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия), “Ресей медбикелер қауымдастығы” жалпыресейлік қоғамдық ұйым, “Primary health care” ұлттық қауымдастығы, Астана қ., “Ақтөбе орта медицина қызметкерлерінің қауымдастығы” ҮЕҰ, “Gaudeamus” халықаралық білім беру холдингі, Орал қ. орта медицина қызметкерлерінің “Шарапат” ҚБ, Қостанай қ. Медициналық университеттер:С. Д. Асфендияров атындағы ҚММУ, Әл-Фараби атындағы ҚМУ, Астана қ., Қарағанды қ., Семей қ. және ОҚМА КЕАҚ. ҚР жоғары медициналық колледждері мен медициналық колледждері, РФ медициналық колледждері.
Конференцияның ашылуы бейне құттықтаулардан басталады: Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Познань медицина ғылымдары университетінің проректоры К. Марцинковский, Я. Валковяк т.б.
Пленарлық отырыста-тақырыптық презентациялар:
- “Мейірбике Ассоциациясы мен білім беруді дамытудағы мейірбикелер қауымдастығының рөлі” Саркисова В. А. – “Ресей мейірбикелер қауымдастығы” бүкілресейлік қоғамдық ұйымының президенті;
- “Медбике қызметіндегі сыни ойлау ” Р. А. Абзалова, м. ғ. д., “PHC” Ұлттық Қауымдастығының Басқарма Төрағасы;
- “Мейіргер ісін реформалау: мәселелері мен болашағы”, ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаменті мейіргер ісін дамыту басқармасының бас сарапшысы А. С. Наурызбаева;
- “Медициналық білім берудегі заманауи цифрлық технологиялар” Антипов г.в., Gaudeamus халықаралық білім беру холдингінің директоры.
Секциялық бағыт:
1-Медициналық білім;
2- Дәлелді мейірбикелік практика және мейірбикелік зерттеулер;
3-Мейірбике ісіндегі көшбасшылық және менеджмент.
Шеберлік сыныптары: “Мейірбике жұмысының сапасын бағалау және инновация”; “Индуктивті контент-талдау әдісімен мейірбике ісінде сапалы зерттеу”; “Мейірбике практикасында дәлелді медицинаға кіріспе”; “Мейірбике практикасы үшін дәлелді ақпарат іздеу”; “Аға медбике-аға мейірбике “электрондық журналына практикалық сабақтар”.
Конференция жұмысы аяқталғаннан кейін-қарар қабылдау.
Тікелей эфирге сілтеме: https://zkmu.webex.com/meet/webex1
Қатысуға шақырамыз!