“Медициналық білім берудегі инновациялар”

Бүгін Ақтөбе медициналық орталығында “Медициналық білім берудегі инновациялар” атты ғылыми-практикалық конференциясының мерейтойлық бағдарламасы аясында шеберлік сыныптары басталды.

Конференцияның салтанатты ашылуында университет ректоры Әсет Қалиев барлық қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, орталық мамандары мен студенттер осы іс-шарадан мол тәжірибе мен білім алатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта облыстық перинаталдық орталықта 2 операция қатар жүргізілуде: қынаптың пролапсын жою операциясы және жатырдың эндоскопиялық ампутациясы. Мұндай ота түрлерін Н.С. Жақиев пен В. И. Котлобовский жасап көрсетпекші.

Операциялардың бұл түрлерін Ресей мен Қазақстанның білікті мамандары жедел бейнеэндоскопиялық араласудың заманауи технологияларын қолдана отырып орындайды.

Естеріңізге сала кетейік: университеттің шеберлік сыныбына шақырылғандардың арасында Ресей Федерациясының өкілдері м. ғ. д., профессор Галлямов Э.А., м. ғ. д., профессор Щербаков П.Л., м. ғ. к. Бусырев Ю. Б., Қазақстан тарапынан: м. ғ. д., профессор Құдайбергенов Т. К. (Алматы қ.), м. ғ. к. Джакупов Д.В. (Алматы қ.), Ишангали Б. О (Ақтау қ.), Жакиев Н. С. (Ақтау Қ.), м. ғ. д., профессор Котлобовский В. И. (Ақтөбе қ.) бар.