Теория және практика: ажырамас байланыс
“Медициналық білім берудегі инновациялар” ғылыми-практикалық конференциясының мерейтойлық бағдарламасы аясында 30.11.2022 ж.-01.12.2022 ж. аралығында университеттің клиникалық базаларында: Ақтөбе медициналық орталығы, облыстық перинаталдық орталық шеберлік сыныптары өтеді.
Ресей мен Қазақстанның жетекші мамандары неғұрлым күрделі патологиялық жағдайларда бейнеэндоскопиялық жедел араласудың заманауи технологияларын орындауды жоспарлап отыр. Шақырылғандардың арасында Мәскеу қ. РФ өкілдері: м. ғ. д., профессор Галлямов Э. А., м. ғ. д., профессор Щербаков П. Л., м. ғ. к. Бусырев Ю.Б., Қазақстан тарапынан: м. ғ. д., профессор Құдайбергенов Т. К. (Алматы қ.), м. ғ. к. Джакупов Д. В. (Алматы қ.), Ишанғали Б. О. (Ақтау қ.), Жакиев Н.С. (Ақтау Қ.), м. ғ. д., профессор Котлобовский В. И. (Ақтөбе қ.).
2022 жылғы 30 қарашада сағат 9-00-де АМО конференц-залында профессор, м. ғ. д. В. И. Котлобовскийдің “Қазақстанның эндоскопиялық хирургиясының тарихы”, м. ғ. д., профессор П. Л. Щербаковтың “хирургиялық ауруларды емдеудегі Люменді эндоскопияның заманауи мүмкіндіктері” презентациялары өтеді
АМО және облыстық перинаталдық орталықтың операциялық залдарында – жетекші мамандар Э.А. Галлямов, Ю.Б. Бусырев, В. И. Котлобовский, Д.В.Джакупов , Н. С. Жакиев эндоскопиялық операциялық араласуларды орындауы.