Ғылыми-медициналық кітапханадағы ғылыми-практикалық конференция
«М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ 65-жылдық мерейтойына арналған “Медицина біліміндегі инновациялар” ғылыми-практикалық конференциясы аясында 30.11.2022 жылы ғылыми-медициналық кітапханада өзекті тақырыптар бойынша мастер-класстарды қамтитын “Оқу, ғылыми және клиникалық процестерді ақпараттық қамтамасыз ету” секциясы өтті:
- Кокрейн кітапханасының дәлелді медицинадағы рөлі – жаттықтырушы – Айман Әшімханова Wiley компаниясының Қазақстан Республикасындағы және ТМД елдеріндегі өңірлік өкілі.
- Clinicalkey платформасын оқыту, зерттеу және клиникалық практикада қолдану тәсілдері – Ерханов Бақдәулет Асылханұлы, Informascope компаниясының Орталық Азия бойынша өңірлік менеджері.
- Ғалым жеке брендін құру – Рабиға Хожамқұл, MD, MPH -Elsevier компаниясының Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша кеңесшісі.
ПОҚ, докторанттар, резиденттер мен магистранттарды қоса алғанда, 145 қызметкер қатысты.
Мастер-класта қаралған сұрақтар:
– Elsevier кәсіби құралдары туралы, ғалымның жеке брендін құру.
– Кокрейн жүйелі шолуларын пайдалану, Кокрейн кітапханасында деректерді іздеу
– 30-дан астам медициналық мамандықтар бойынша басылымдар мен материалдардың ең бай коллекцияларының бірін қамтитын ClinicalKey базасымен танысу.
Семинарға қатысушылар халықаралық сертификат алады.