“Медициналық білім берудегі инновациялар” атты 65 жылдық мерейтойлық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қысқаша қорытындысы
2022 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында “Медициналық білім берудегі инновациялар” халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті, оны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті” КЕАҚ ұйымдастырды.
Теория және тәжірибе
2022 жылғы 30 қараша және 1 желтоқсан ғылыми-практикалық конференция аясында ресейлік және қазақстандық жетекші ғалым-мамандар Ақтөбе медициналық, облыстық перинаталдық орталықтардың клиникалық базаларында анағұрлым күрделі патологиялық жағдайларда бейнеэндоскопиялық хирургия, диагностикалық қауіпсіз капсулалық эндоскопия (5 адам) бойынша 29 мастер-класс орындады. Сонымен қатар, басқа да келген ғалым-мамандар, оқытушы-хирургтер дәрігерлерге, акушер-гинекологтарға, студенттерге арналған бейнеэндоскопиялық хирургиялық араласу бөлімдерін қоса алғанда, медицинаның өзекті мәселелері бойынша 6 жаңа таныстырылым ұсынды.
Соңында эндоскопиялық операцияларды одан әрі дамыту және жетілдіру мәселелерін талқылай отырып, “дөңгелек үстел” өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың ресми сапары
2022 жылғы 1 желтоқсанда күннің бірінші жартысында ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғ. Ғиният университеттің бас корпусында болды. Осы кездесу шеңберінде министрді “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректор А. А. Қалиев академиялық, ғылыми-инновациялық, халықаралық әріптестік, инфрақұрылымды дамыту, корпоративтік басқарудың 5 бағыты бойынша стратегиялық даму жоспарымен таныстырды.
А.А. Қалиев даму жоспарының негізгі жобаларына: білім беру қызметін жаңғырту, менеджмент және қаржылық тұрақтылық, ғылыми-зерттеу қызметін жаңғырту, университеттің клиникаларының қызметін жаңғырту, қысқа, орта және ұзақ мерзімде іске асырудың әртүрлі мерзімдері бар университеттік клиника салу жайына егжей-тегжейлі тоқталды. Әр стратегия бойынша тапсырмалар мен іс тетігі анықталған.
“Батыс Қазақстандағы медицинаның дамуы” тарихи мұражайын аралап көрген Ажар Ғиниятқызы құрметті қонақтарға арналған «Қолтаңа» кітабына жазба қалдырды.
ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният Б.Оспановамен бірге университетке аты берілген М. Оспанов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты жиын
Университеттің құрылғанына 65 жыл толуына арналған ресми рәсім түстен кейін Аққағаз Досжанова атындағы Конгресс-холлда өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, өткен жылдардың атақты ғалым-түлектері, жетекші ресейлік және қазақстандық ғалымдар, мамандар, профессор-оқытушылар құрам, денсаулық сақтау ардагерлері, студенттер қатысты.
65 жылдық тарихқа арналып ниверситеттің қалыптасуының әртүрлі кезеңдері туралы баяндайтын фото-көрме ұйымдастырылды, онда тұңғыш оқытушылар, студенттер олардың оқу және жұмыс сәттері бейнеленген.
Заманауи үлгідегі жарық және дыбыс қондырғысымен жабдықталған сахнада өткізілген мерекелік ресми салтанатты ерекше көркем, мазмұнды әрі тартымды өтті. Бағдарлама көркемөнерпаз студенттердің шығармашылығына негізделген. Конференцияның ресми бөлімінде “Даңқты өткен шақтан жарқын болашаққа” атты тарихи-деректі фильмінің таныстырылымынан, мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстаудан басталды.
Видеобайланыс арқылы қатысушыларға университеттің бұрынғы ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, бұрынғы денсаулық сақтау министрі, Қазақастанның Еңбек Ері Т. Ш. Шарманов тіклей эфирде құттықтауын жолдады.
Облыс әкімі Е. Л. Тоғжанов өзінің құттықтауында университеттің өткен жылдарішінде 30 мыңнан астам дәрігерлік кадр дайындалғанын, білім беру, ғылыми және инновациялық бағыттағы елеулі табыстарға қол жеткізгенін атап өтті. Университет қабырғасынан есімдері бүкіл ғылыми әлемге, Қазақстаннан тыс жерлерге белгілі ғалымдар шықты. Әсіресе, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам»Жолдауын орындаудың міндеттері мен мақсаттарының аса маңыздылығына назар аударды.
Е. Л. Тоғжанов университет табысына елеулі үлесі мен көп жылдық еңбегі үшін бірқатар марапаттарды табыс етті: “Шапағат” медалі м..ғ. д., профессор Б. С. Жакиевке; облыс әкімінің “Облысқа сенірген еңбегі үшін” төсбелгілері: И.В. Гордышеваға, (медициналық орталықтың емдеу жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары), Ж.Н.Сарқұловаға, м. ғ. д., анестезиология және реанимация кафедрасы меңгерушісі.; Базарғалиевке Е.Ш.., м.ғ. к., .№ 1 ішкі аурулар кафедрасы меңгерушісіне табыс етілді. Облыс әкімінің “Қала құрметі” төсбелгісімен с. Ю. Шиканова, профессор, акушерлік және гинекология кафедрасы меңгерушіс және Ким С.В., м. ғ. к., балалар аурулары кафедрасы меңгерушісіне табыс етілді.
Құттықтау сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният өзінің оқу жылдарын, оқытушыларын ризашылықпен еске алды. Үштілді білім беру бағдарламасы мен үш деңгейлі білім жүйесі бойынша кадрлар даярлауды қамтамасыз етудегі, сондай-ақ алға қойылған стратегиялық бағыттарды, ғылымның, білімнің, практикалық денсаулық сақтаудың үштілділігін іске асырудағы жетістіктерді атап өтті.
Қатысушыларды мерейтойымен құттықтай отырып, министр А.Ғ. Ғиният денсаулық сақтауды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларын табыстады: университеттің 5 ардагеріне “Еңбек ардагері” медалін, “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісін -13 ұстаз-дәрігерлерге, университ ұжымының 11- мүшесін “Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі” медалімен, тағы да бірнеше қызметкер, мамандарды министрліктің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Университет ұжымын, өткен жылдардың түлектерін және денсаулық сақтау ардагерлерін, студенттерді құттықтай отырып, Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ң Басқарма-төрағасы, ректоры м.ғ.д., профессор А.А.Қалиев өз сөзінде ең маңызды жетістік қорытындыда емес, дамудағы жаңа кезең екенін атап өтті. «Университеттің жасын дәрігерлер мен ғалымдардың ерекше жетістіктерімен өлшейтін болсақ, онда мерейтойдың маңызы арта түседі. ЖОО-ның даңқты 65-жылдық тарихы батыс өңірі үшін медициналық ЖОО – ның қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған аға ұрпақ ұстаздардың қажырлы еңбегі. Сондықтан да, бүгін біз оларға құрмет көрсетіп, алғыс білдіреміз.
Уақыт біздің алдымызға жаңа мақсаттар мен міндеттер, инновациялық білім беру технологиялары, халықаралық стратегиялық серіктестік және т.б. міндеттерді қойып отыр. Ұжымның түпкі мақсаты: университеттің QS 1000 + рейтингіне енуі арқылы бәсекеге қабілетті білім беру және ғылыми – зерттеу ЖОО айналуы”.
Университет тарихында тұңғыш рет мерейтойға орай “Университет мақтанышы” медалі дайындалды. Ол- денсаулық сақтау, қоғамдық қызмет, кәсіпкерлік және қайырымдылық салаларына қосқан елеулі үлесі үшін түлектерге табыс етіледі. Университет ректоры А. Қалиев “Университет мақтанышы” медалін алғаш рет – ЖОО-ның белгілі түлектеріне: Қазақстанның Еңбек Ері , Ұлттық нейрохирургия орталығының президенті, м ғ. д. С. Ақшолақовқа, ҚР Денсаулық сақтау экс-министрі, Ғылым Академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, м. ғ. д. профессор Ж.Досқалиевке, ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғиниятқа, ҚР ҰҒА академигі, м. ғ. д., профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Р. Күзденбаеваға, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ. Елеуовқа, кәсіпкер, меценат И. Салжановқа -табыстады.
Өткен жылдардың түлектері: С.К. Ақшолақов, Р. С. Күзденбаева, Ж. А. Досқалиев, С. Ф. Беркинбаев, Г. А. Елеуов, И.Т.Салжанов университет ұжымын құттықтап,ізгі тілек айтты. Парламент Мәжілісінің депутаты Ғ.А. Елеуов 10млн.теңгенің сертификатын табыс етті. Ал, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, “Алтын Қыран” халықаралық қайырымдылық қорының президенті И.Т. Салжановтың берген 10 млн. теңге қаражаты 5 профилактикалық бағыт бойынша “Ауылға денсаулық” ғылыми жобасында пайдаланылатын болады.
Академик Р. С. Күзденбаева университеттің қосалқы қызметтерінің маман-жұмысшыларын университетте алғаш рет тағайындаған “Адал еңбегі үшін” медалімен марапаттау рәсіміне қатысты.
Секциялық сабақтар
Конференция аясында ТМД, Орта Азия және Әзірбайжан елдері бойынша Wiley, Informascope және Elsevier компаниялары өкілдерінің қатысуымен “медициналық білім берудің заманауи трендтері”, “Интеграция және ғылым перспективалары”, “Оқу, ғылыми және клиникалық процестерді ақпараттық қамтамасыз ету” теориялық шеберлік сыныбының секциялары ұйымдастырылды. Секциялық іс-шаралар қарарлар қабылдаумен аяқталды.
Университеттің үздік түлектерінің қатысуымен “Денсаулық мәселелерінде халықтың сауаттылығы жөніндегі халықаралық жобаларға Қазақстанның қатысуы” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
ҰКП-ның соңы
Мерейтойлық ғылыми-практикалық конференцияның 2 желтоқсан соңғы күні келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:
* облыстық перинаталдық орталықтың қасбетінде босану және гинекологияны дамытуға, білім беру қызметіне елеулі үлес қосқан профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қапа Құдайбергенұлы Құдайбергеновке мемориалдық тақта ашылды;
* «Ғылым мен клиниканы интеграциялау перспективалары” секциясының отырысында «Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік медицина; клиникалық медицина; зерттеу университетіне айналу аспектілері» тақырбы талқыланды.
* Онлайн және офлайн режимде «Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын әзірлеуді талқылау» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. “Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру” бағдарламасын әзірлеудегі туындайтын мәселелер: МЖМБС жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша МЖМБС талаптарына сәйкес МЖМБС-ға көшу және оны әзірлеу бойынша білім беру процесінің қызметін ұйымдастыру; МЖМБС оқытудың түпкілікті нәтижелерін әзірлеу; МЖБ оқытудың түпкілікті нәтижелерін бағалау тетіктері, негізгі әдебиет тізімін жасау» барысы сөз болды.
Барлық секциялық отырыстардың, дөңгелек үстелдің соңында арнайы қарар қабылданды.
ҚР ҰҒА академигі,М.ғ. д., профессор, ғылыми-білім беру орталығының, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының басшысы Р. С. Күзденбаева «Қазақстан Республикасындағы фармакологиялық қадағалау. Қазіргі уақыт және болашақ» атты дөңгелек үстел өткізді.
Конференцияға қатысушылар «Батыс Қазақстандағы медицинаның дамуы» тарихи мұражайын аралап көрді.
Баспа өнімдері
Конференцияның барлық қатысушыларына университеттің 65-жылдығына арналған журналдың арнайы шығарылымы, қойынкітапша, 2023 жылдың күнтізбесі таратылды. Журналда облыс әкімі Е.Л.Тоғжановтың, Денсаулық сақтау министрі А. Ғинияттың, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Н. Саясаттың құттықтаулары жарық көрді.
Арнайы басылым университеттің өткені, бүгіні және болашағы туралы бөлімдерден тұрады. Білім беру үдерісі, ғылыми және клиникалық қызмет, даму стратегиясы да басты назарға алынған. Сонымен қатар, “Университеттің мақтанышы” бөлімінде атақты түлектер мен бұрынғы ректор Т.Ш. Шарманов туралы деректер мен олардың суреттері басылған. Тәжірибелік емдеу ісі және білім беру үдерісіне елеулі үлес қосқан мерейтой иелерінің бірнеше суреттері жарық көрген.
Осылайша, бағдарламаға сәйкес білім беру процесінің заманауи мәселелері, білім беру және практикалық қызметте озық технологиялардың заманауи ғылыми әдістерін интеграциялау мәселелері толықтай қарастырылып, тиісінше бірнеше қарар қабылданды.