Директорлар Кеңесінің Төрағасымен таныс болыңыздар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өткізген конкурстық рәсімге сәйкес “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамына кандидатуралар анықталды, жасырын дауыс беру арқылы Директорлар кеңесінің төрағасы Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков сайланды, 2022 жылғы 16 қарашада Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілді.
Анықтама: “Primary Health Care” Ұлттық Қауымдастығының президенті, м.ғ. д., профессор, Жапонияның PhD докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Білімі: Семей мемлекеттік медицина университеті, емдеу ісі (1975ж.); Қазақ ұлттық университеті, заңгер-құқықтанушы (1994ж.); О.А. Байқоңыров атындағы Жеказған университеті, экономист-менеджер (2000ж.); Педагогика және психология бакалавры мамандығы бойынша – Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университеті (2009ж.).
Еңбек қызметінен: ординатор дәрігер, цех дәрігері, бас дәрігердің орынбасары, Жезқазған облысы Денсаулық сақтау департаментінің бастығы, Премьер-Министрдің кеңесшісі (1998-1999ж.), Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы; Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің ректоры (2007-2017жж.)
Марапаттары мен атақтары: «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері», “Парасат” ордені; ІІІ дәрежелі Күншығыс ордені, алтын сәулелерімен мойын лентасы (Жапония); “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі” төсбелгісі; “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісі; “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісі, “Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі” төсбелгісі және т. б.
170-тен астам түрлі еңбектің авторы, оның ішінде: 6 монография, 5 оқу құралы, 17 әдістемелік ұсыным бар.
Төлебай Қосиябекұлы, тағайындалуыңызбен құттықтаймыз, Сізбен іскерлік, сындарлы ынтымақтастықта еңбек етуге үміттенеміз!