Медицинаның шегі жоқ…
“Медициналық білім берудегі инновациялар” ғылыми-практикалық конференциясы аясында жетекші ресейлік және қазақстандық ғалымдардың шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
Ғылыми-практикалық конференцияның ашылу салтанатында қатысушыларға қазақстандық медицинаның көптен бергі досы – м.ғ.д., Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері, РФ ДСМ И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ емдеу факультетінің жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерациясы Үкіметінің ғылым және техника саласындағы сыйлығының лауреаты, Галлямов Эдуард Абдулхатович құттықтау сөз сөйледі.
Ресей Ғылым академиясының академигі, м.ғ.д., И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор П. В. Глыбочко мен университет ұжымының атынан қонақ “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ-ның 65-жылдығына орай құттықтау хатын табыс етті.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамын, студенттерін, аспиранттарын, түлектерін мерейтоймен – университеттің құрылғанына 65 жыл толуымен құттықтады:
«Қазақстандық жоғары медициналық мектептің бай тарихы бар, оның түрлі-түсті полотносына жарқын қылқаламмен сіздің университетіңіз өз үлесін қосатыны сөзсіз. Университет бай тәжірибе мен үздік дәстүрлерді мұра етті, олардың артында көрнекті дәрігерлер мен педагогтардың, өз ісіне берілген, тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал мемлекет қайраткерлерінің есімдері тұр. Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті қарқынды алға жылжуда, халықаралық және стратегиялық ынтымақтастықты дамытуда, инновациялық технологияларды енгізуде. ЖОО өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытуда үлкен рөл атқарады, өңірдің медициналық мекемелері үшін жоғары білікті кадрлар даярлайды, практикаға емдеудің және диагностиканың инновациялық әдістерін енгізуді қамтамасыз етеді. Дарынды жастар осы дәстүрлерді жалғастырып, университеттің даңқты жетістіктерін арттыратынына сенімдімін».
М.ғ.д. Э.А. Галлямов өзінің құттықтауында, кейіннен екі дипломдық, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың бірлескен интеграцияланған бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Ұжымға мықты денсаулық пен университеттің лайықты дәстүрлерін сақтап қалуды, оларды озық тәжірибелермен табысты толықтыруды тіледі.