Жаңа кезең: Университет интерактивті әдістпен оқытады
Қазіргі заманғы білім берудің негізгі стратегиясы оқытушыны студенттерді дербес оқытуға бағыттайды, сонымен бірге студенттердің пәнді терең зерттеуге және сабаққа мұқият дайындалуға деген оң уәждемесін арттыратын технологиялар ерекше маңызға ие болады.
Университеттің оқу процесінің дәстүрлі әдістері, әрине, кәсіби даму үшін маңызды. Дегенмен, білім беру сапасын арттыру үшін оқытудың жаңа әдістерін енгізу қажет. Ең маңызды және қолданылатын интерактивті әдістердің бірі – интерактивті тақта. Патологиялық процестің мәнін толық түсіну үшін материалды сауатты және көрнекі түрде ұсынбай, пәндерді игеру мүмкін емес.
Алғаш рет “Марат Оспанов атындағы БҚМУ” КЕАҚ-да микробиология және иммунология; химиялық пәндер; фармакология кафедралары үшін 3 дана интерактивті тақта сатып алынды.
Интерактивті әдістерді енгізудің мақсаты: студенттердің алған білімінің сіңімділігі мен сапасын жақсарту, студентке өзінің әлеуеті мен одан әрі оқуға деген ынтасын ашуға көмектесу, мамандыққа деген қызығушылықты ынталандыру, бір-бірімен өзара әрекеттесу, болашақта медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде қойылған міндеттерді шешуге көмектесетін ұжымдық ойлауды қалыптастыру.
Анықтама: интерактивті панель әмбебаптығына байланысты қолданудың кең спектріне ие. Толық дербес компьютер мен жоғары ажыратымдылықтағы сенсорлық дисплейді біріктіретін құрылғы. Интерактивті тақталар компьютерде не болып жатқанын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар презентация процесін басқаруға, түзетулер енгізуге, қажет жерлерін түстермен белгілеуге және түсініктеме қалдыруға, материалдарды кейінірек пайдалану және өңдеу үшін сақтауға мүмкіндік береді. Басқа бағдарламалармен де үлкен үйлесімділік, кеңсе бағдарламасымен жұмыс істейді, бейнеконференцияларды қолдайды, Android және Windows жүйелерінің жұмысын біріктіреді.
Ұлттың болашақ денсаулығының кепілі – көбінесе, болашақ дәрігерлердің білімі мен практикалық қызметіне, дайындығына байланысты. Ол үшін студенттерді клиникалық ойлаудың негізі – себеп-салдарлық байланыстарды орнатуға үйрету керек. Интерактивті тақтаны қолдана отырып оқыту құзыретті мамандарды даярлауға ықпал етеді.