Кеңейтілген отырыс
2022 жылғы 7 желтоқсанда кафедра басшыларының қатысуымен басқарманың кеңейтілген отырысы өтті.
Онда тәртіптік жауапкершілік, білім беру процесі және оның сапасы, бар проблемалар, міндеттер, олардың шешу жолдары қарастырылған.
Университет ректоры А. Қалиев онкология, клиникалық зертханалық және визуалды диагностика кафедраларын жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, қажеттілігі шұғыл түрде шешілуі тиіс бірқатар мәселелер мен проблемаларды қойды.
Сапалы білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне тұрақты негізде ерекше мән беріледі.