Студенттер конференциясы
2022 жылдың 7 желтоқсанында Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де университеттің 65-жылдығына орай “Студенттік ғылым – жетістіктер мен даму перспективалары” атты студенттік республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияны “Микробиолог” СҒҮ мен микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты: студенттерді, резиденттерді, магистранттарды микробиология және иммунология саласындағы зерттеулердің кең ауқымымен таныстыру болды. Конференцияның маңызды міндеттерінің бірі – студенттерді ғылыми зерттеулерге тарту болды.
Конференция жұмысына МУС, БҚМУ, МУА, ҚОХУ, ОҚМА, Қаз ҰМУ студенттік ғылыми үйірмелері, Ақтөбе қаласының жоғары медициналық колледжінің, Баишев жоғары медколледж, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері қатысты.
Конференцияға халықаралық қатысушы ретінде Тверь ММУ (Тверь қ., Ресей) студенттерінің баяндамалары ұсынылды.
Конференцияға қатысушыларды Марат Оспанов атындағы БҚМУ басқарма төрағасы – ректоры, м.ғ.д. А.А. Қалиев құттықтады. Ректор өз сөзінде болашақ мамандарды даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі ретінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын атап өтті.Конференцияның пленарлық отырысында 5 баяндама жасалды, ЖОО кафедраларында студенттік ғылыми үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Конференцияның негізгі жұмысы 2 секцияда өтті: “Микробиология” және “Иммунология”. Микробиология секциясында 16 баяндама ұсынылды, микробиологияның өзекті мәселелері, микрофлораны, микроорганизмдерді зерттеу, антибиотикке төзімділік мәселелері қаралды.
Иммунология секциясында 14 баяндама ұсынылды. Студенттер әртүрлі патологиялардағы иммундық мәртебені зерттеу бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, иммунопрофилактика мәселелерін баяндады.
Конференция аясында микропрепараттарды дайындау және оларды бояу әдістері бойынша мастер-класс өтті.
Конференцияда үйірме студенттері дайындаған микробиологиялық тақырыптағы макеттер көрсетілді.
Конференция соңында үздік ғылыми баяндамаларға дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Студенттік ғылыми қоғам қызметінің негізгі перспективаларын студенттерді ғылыми жұмыстармен ерте таныстыру, пәнаралық және жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, студенттердің жарияланымдық және инновациялық белсенділігін іске асыру үшін жағдайлар жасау арқылы көреміз.