Ректорлар Кеңесі
2022 жылғы 9 желтоқсанда С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында республиканың медицина университеттерінің ректорлары бас қосты. Кеңес жұмысына ҚР ДСМ өкілдері де қатысты. Осы маңызды жиынға біздің университеттің ректоры м.ғ.д., профессор Ә.ӘА. Қалиев те қатысты.
Кеңестің бірінші бөлімінде ректорлар Кеңесі ұйымдастырылды. Ал, екінші бөлімінде- медициналық персоналды даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің жиыны болып өтті. Бұл жиынға басшылық жасаған республикалық оқу-әдістемелік кеңес. Оқу әдістемелік білестіктің жиынында болашақ дәрігерлерге білім беру процестері, студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру мәселелері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының түлектері мен білім алушылардың тәуелсіз бағалау нәтижелерін талдау мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды: Оқу әдістемелік бірлестіктің негізгі құрамы, 2022-2023 оқу жылына арналған секциялар, ЖБТ және комитет құрамы, комитеттің жұмыс жоспарларын бекіту, кадрларды даярлау мәселелері бойынша ҚР БҒМ және ДСМ бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Симуляциялық орталықтың маман-жаттықтырушылары кеңес мүшелеріне медицина кадрларын даярлау ісіндегі виртуалды технологиялардың заманауи мүмкіндіктерін көрсетті. Ректорлар студенттердің практикалық дағдыларын дамытудың жаңа әдістерінің артықшылықтарын бағалады.
Сондай-ақ, аталмыш кеңесте болашақ дәрігерлердің білім беру процесін дамытудағы іскерлік, сындарлы, танымдық және перспективалық бағыттар бойынша мәселелер талқыланып, бірлесе атқарылатын жұмыстар жоспарланды.