ҚР Тәуелсіздік Күніне орай берілген марапаттар
Бүгін Қазақстанның мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында салтанатты отырыс өтті. Университет ректоры Ә.Ә. Қалиев қатысушыларды әрбір қазақстандық үшін маңызды мерекемен құттықтады.
Тәуелсіздік күні – қазақ халқының мызғымас ерік-жігерінің, болашаққа, бейбітшілік пен жасампаздыққа ұмтылысының символы. Тәуелсіздіктің арқасында біз өз болашағымызды өзіміз таңдап, құруға мүмкіндік алдық және біздің миссиямыз – егемендіктің негізін сақтау.
Тәуелсіздік жылдарында біздің университетте айтарлықтай өзгерістер болды.
Профессорлық-оқытушылық, әкімшілік-басқарушылық, оқу-көмекші құрамдар, клиникалардың ардагерлері мен медицина қызметкерлері “Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталды (40 адам).
Университеттің құрылғанына 65 жыл толуына орай тарихи күнді дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін 39 қызметкер “Алғыс хатпен” марапатталды. Құрметті тізімге басқарма мүшелерінен бастап, департаменттердің, орталықтардың, бөлімдердің басшылары, декандар, кафедра меңгерушілері, инженерлер, электромонтерлар, құрылыс шеберлері, жүргізушілер кірді.
Сондай-ақ, қызметкерлердің бір бөлігі “Құрмет” грамотасымен және “Алғыс хаттармен” марапатталды.
Соңында университет ректоры А.А. Қалиев жаңа заман университеті бәсекеге қабілетті және ғылыми-зерттеу университеті атануға лайық болуы керек екендігін атап өтті.
Барлық қатысушыларға ректор зор денсаулық, амандық, бірлік, бейбітшілік, жаңа жетістіктер, жұмыста табыс тіледі!