Жеңімпаз студенттерді мақтан тұтамыз!

Жеңімпаз студенттерді мақтан тұтамыз!
​16-17 желтоқсанда ежелгі тарихи қала Самарқандта өткен “Самарқанд-2020” медициналық ЖОО студенттерінің III Халықаралық олимпиадасына біздің 10 студент қатысты.
​Іргелі және клиникалық пәндерді білуге Қазақстан, Ресей, Түркия, Польша, Беларусь, Украина, Қырғызстан,Өзбекстан студенттік командалары қатысты, барлығы 76 медициналық ЖОО-дан 700-ге жуық өкіл болды.
Олимпиаданың мақсаты: медицина мен іргелі ғылымдардың түрлі салаларындағы білімді дәріптеу, студенттердің оқу және ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттыру.
Жарыс екі кезеңнен өтті: 1-тестілеу, 2-әртүрлі ұсынылған жағдайларда практикалық дағдылар.
​Біздің жеңімпаздар әр түрлі бағытта:
“Анестезиология және реанимация” – ІІ орын Ерсайынов Нұрболат (ОМ, 521А);
“Топографиялық анатомия және жедел хирургия” – ІІ орын Қойбағаров Нұрсат (ОМ, 422 А);
“Ішкі аурулар пропедевтикасы” – ІІ орын НабиуллинАсылхан (ОМ, 321Б);
“Балалар хирургиясы” – III орын Сматуллаев Қонысбек (ОМ, 422Б);
“Сот медицинасы” – III орын Бекмурза мақсат (ОМ,307Б).
​Медицина бөлімдері бойынша номинациялардың иегерлері:
“Акушерлік және гинекология”-Мергенұлы (ОМ, 502 А) – “Top of knowlendge”;
“Урология” Николаев Вячеслав (ОМ, 522Б) – “Абсолютті чемпион”;
 Құлбеков Загипаның “Травматология және ортопедия” (ОМ.515Б) – “the most erudite participant”;
“Патологиялық анатомия” Наурызбай Нұрай (ОМ, 407А) – “the best performance of practical skills”;
“Хирургия” Сафиев Сұлтанбек (ОМ, 322Б) -“best clinical thinking”.
​Біз жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз және мақтан тұтамыз!
Студенттерді сапалы дайындағаны үшін университеттің профессор-оқытушылар құрамына алғыс айтамыз!
​Студенттерге зор денсаулық, жаңа жеңістер, медицина ғылымындағы қиындықтарды еңсеруде табыстар тілейміз!
                                                                       Университеттің баспасөз қызметі