Облыс тұрғындары және қонақтары назарына!

“Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті” КЕАҚ күндізгі стационар жағдайында төменгі аяқ тамырларының варикозды ауруы кезінде флебология – тамырлардың лазерлік облитерациясы бағыты бойынша медициналық қызметтер көрсетудің басталғаны туралы хабарлайды. Бұл – хирургиялық операцияны алмастыратын аз инвазивті процедура. Ол тиімді ғана емес, сонымен қатар, ұзақ мерзімді, төзімділікке ие және оның асқыну қаупі аз.
“ЛАМИ-Гелиос” инновациялық мамандандырылған екі толқынды лазерлік аппараты төменгі аяқ тамырларының эндовазальды лазерлік облитерациясы (EVLC) үшін сәтті қолданылады. Лазерлік энергияның жоғары тиімді әсері бар, ол кесусіз және анестезиясыз қолданылады, сондықтан ол кеңсе хирургиясы деп аталады және ауруханаға жатқызуды қажет етпейді.
ҚР ТІРКЕУ КУӘЛІГІ-МТ-5№017624
Сәйкестік сертификаты № KZ.7700.02.01.00616794
Құрылғы біркелкі лазерлік әсерді автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Лазерлік энергияны есептеу бағдарламасына қосылған кіріктірілген кері байланыс сенсоры тамырлыр қабырғаларының күйіп қалуын болдырмайды. Тамаша таңдалған толқын ұзындығы қоршаған тіндерге зақым келтірместен, тек веноздық қабырғаға селективті әсер етеді.
Емдеуге жіберілген кезде D00.401.419 ретінде кодтау қажет
Телефон арқылы анықтама: +7 705 479 4191 (Маржан)
Біз сізде туындаған денсаулық мәселелерін шешуге көмектесеміз!